Сынып сағаты/Классный час
Бүгін КММ «М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде» «Отбасы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар өздеріне ең жақын, ең қымбат жандар туралы әңгімелеп, отбасылық дәстүрлерімен бөлісті, жанұя өміріндегі маңызды сәттерді еске алды. Сабақ барысында бір-бірін құрметтеу, қолдау көрсету, қамқор болу, туыстық байланысты бағалау және отбасы ошағының жылуын сақтау неге маңызды екені талқыланды. Сынып сағаты шынайы әңгімелер мен жүрекжарды тілектерге толы, жылы әрі әсерлі атмосферада өтті. Сегодня в