Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жасанды интеллект – мұғалімнің жаңа көмекшісі
31
қазан
2025

Жасанды интеллект – мұғалімнің жаңа көмекшісі

31 қазан күні М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейінде «Мұғалімнің жұмысындағы заманауи цифрлық құралдар мен жасанды интеллект: Quizizz, NotebookLM, Gemini және Canva платформаларын пайдалану» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даулеткелдинова Галия Агланқызы өткізді.

Іс-шара барысында педагог оқу үдерісінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдерін ұсынды.

Қатысушылар Quizizz интерактивті платформасының кері байланыс ұйымдастыру мен викториналар өткізу мүмкіндіктерімен танысты.
Сонымен қатар, NotebookLM және Gemini құралдарының жеке оқу материалдарын дайындауға және мәтіндерді талдауға көмектесетін артықшылықтары көрсетілді.

Canva платформасына ерекше назар аударылды – бұл бағдарлама мұғалімдер мен оқушыларға көрнекі әрі креативті презентациялар, инфографикалар мен жобалар әзірлеуге мүмкіндік береді. Мұндай жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойлауын және цифрлық сауаттылығын дамытуға ықпал етеді.

Семинар интерактивті форматта өтті: қатысушылар тәжірибелік тапсырмаларды орындап, жасанды интеллект құралдарын өз пәндерінде қолдану идеяларымен бөлісті, өзара тәжірибе алмасты.

Өткізілген шара мектептің оқу үдерісіне жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жолындағы маңызды қадам болды. Бұл мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім сапасын жақсартуға елеулі үлес қосты.


31 октября в школе-лицее № 28 им. М. Маметовой состоялся семинар на тему «Современные цифровые инструменты и искусственный интеллект в работе учителя: использование платформ Quizizz, NotebookLM, Gemini и Canva». Семинар провела учитель казахского языка и литературы Даулеткелдинова Галия Аглановна. В ходе мероприятия педагог представила современные подходы к использованию цифровых технологий и искусственного интеллекта в учебном процессе. Участники семинара познакомились с возможностями интерактивной платформы Quizizz для организации обратной связи и проведения викторин, а также с инструментами NotebookLM и Gemini, которые помогают в создании персонализированных учебных материалов и анализе текстов. Особое внимание было уделено платформе Canva, позволяющей учителям и учащимся создавать визуально привлекательные презентации, инфографику и проекты, способствующие развитию креативного мышления и цифровой грамотности. Семинар прошёл в интерактивной форме: участники выполняли практические задания, обсуждали идеи применения инструментов ИИ в преподавании своих предметов и обменивались опытом. Проведённое мероприятие стало важным шагом в направлении внедрения искусственного интеллекта и современных технологий в образовательную практику школы, повышая профессиональную компетентность педагогов и качество обучения.