Мемлекеттік рәміздер
1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітілді. Бұл – мемлекетіміздің тәуелсіздігін, халқымыздың бірлігін, бостандығы мен ұлттық мақтанышын айшықтайтын басты нышандар. Олар еліміздің тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын және өркендеуге деген ұмтылысын бейнелейді. Мемлекеттік рәміздер – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің ажырамас бөлігі. Туға, Елтаңбаға және Әнұранға деген құрмет туған жерге, оның дәстүрлері мен жетістіктеріне деген