Гуманитарлық пәндер онкүндігінің жабылуы: «Ақылды сабақтар – жасанды интеллект мүмкіндіктері
16 қазан күні М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейінде гуманитарлық пәндер онкүндігінің жабылуы өтті. Шара «Ақылды сабақтар: жасанды интеллектті (ЖИ) қолдану тәжірибелері» атты дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды.
Іс-шараны тарих пәнінің жас мұғалімі Сламихин В.В. дайындап, өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне кіріктірудің заманауи тәсілдерін талқылап, педагогикалық тәжірибе және оқыту тиімділігін арттыруға бағытталған идеяларымен бөлісті.
Сламихин В.В. тарих сабақтарында ИИ қолданудың нақты мысалдарын ұсынып, инновациялық шешімдер оқыту үдерісін қалайша қызықты, интерактивті және мағыналы ететінін көрсетті.
Дөңгелек үстел аясында гуманитарлық пәндер онкүндігі шеңберінде өткізілген іс-шараларға – ашық сабақтарға, сыныптан тыс жұмыстар мен қызықты үзілістерге талдау жасалды.
Мұғалімдер дайындықтың жоғары деңгейін, шығармашылық көзқарасты және оқушылардың белсенді қатысуын атап өтті.
Онкүндіктің жабылуы кәсіби ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу рухында өтті.
Талқылау нәтижесінде мектеп ұжымы заманауи технологияларды дәстүрлі әдістермен ұштастыра отырып, зияткерлік және шабыттандыратын білім беру ортасын қалыптастыруға ұмтылатынын көрсетті.



