Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сыныптар онкүндігі/Декады начальных классов
05
наурыз
2025

Бастауыш сыныптар онкүндігі/Декады начальных классов

2025 жылғы 5 наурызда М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейінде бастауыш сыныптар онкүндігі аясында Краузе И.Г. орыс тілі пәнінен «Өткен шақтағы етістіктердің жекеше және көпше түрде, жынысына қарай түрленуі. Ы.Алтынсариннің алғашқы мектептері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты — оқушылардың өткен шақтағы етістіктердің жекеше/көпше түрлерін және жыныс бойынша өзгеруін меңгеруін бекіту. Сонымен қатар, сабақ қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсаринге арналды, оның Қазақстандағы білім берудің дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтілді.

Сабақ теориялық материалды қайталаудан басталып, көрнекі құралдар мен интерактивті тақта арқылы материалды түсіндіру оқушылар үшін қызықты әрі жеңіл болды.

Одан кейін оқушылар топтық жұмыстар арқылы өткен шақтағы етістіктерді өзгертуге байланысты практикалық тапсырмалар орындады. Сабақтың жаңашылдығы — QR-кодтарды пайдалану: оқушылар кодтарды сканерлеп, қосымша тапсырмалар мен материалдарға қол жеткізді.

Сабақта жасанды интеллект те қолданылды — оқушылар дауыстық енгізу арқылы интерактивті тақтада тапсырмаларды орындап, заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін сезінді.

Сабақ соңында «Артық етістікті тап» атты интерактивті ойын өткізілді. Бұл кезең оқушылардың алған білімдерін пысықтауға және қызығушылықтарын арттыруға бағытталды.

Сабақ жоғары деңгейде, қызықты әрі мазмұнды өтті. Оқушылар белсенділік танытып, тақырыпқа үлкен қызығушылықпен қатысты. Мұғалім Краузе И.Г. әртүрлі тиімді әдістер мен заманауи құралдарды шебер қолданып, сабақты нағыз шығармашылық және танымдық процеске айналдырды.








5 марта в школе-лицее # 28 им.М.Маметовой, в рамках декады начальных классов, учитель Краузе И.Г. провела открытый урок по русскому языку на тему «Изменение глаголов прошедшего времени по родам и числам. Первые школы Ы.Алтынсарина». Урок был направлен на закрепление знаний учащихся об изменении глаголов прошедшего времени по родам и числам. Урок был посвящен Ы.Алтынсарину, просветителю и педагогу, который сыграл важную роль в развитии образования в Казахстане. Урок начался с повторения теоретического материала. Учитель использовала наглядные пособия и интерактивную доску, чтобы сделать объяснение более понятным и интересным. Затем учащиеся приступили к практическим заданиям. Они работали в группах, выполняя упражнения на изменение глаголов прошедшего времени. Одним из интересных заданий было использование QR-кодов. Учащиеся сканировали коды и получали доступ к дополнительным материалам и заданиям. Также на уроке использовался искусственный интеллект. Учащиеся выполняли задания на интерактивной доске, используя голосовой ввод. В конце урока была проведена интерактивная игра «Найди лишний глагол». Учащиеся должны были найти глагол, который не соответствует заданному критерию. Урок прошел успешно. Учащиеся активно участвовали в работе, проявляли интерес к теме. Учитель использовала разнообразные методы и приемы, чтобы сделать урок интересным и познавательным.