Бастауыш сыныптар онкүндігі/Декады начальных классов
2025 жылғы 4 наурызда бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі аясында 3 «В» сыныбында В. Воскобойниковтың «Ньютон бала кезінде» шығармасы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақты Дубикина Ирина Валерьевна өткізді.
Сабақта тіпті Исаак Ньютонның өзі де қонақта болды – оны бір оқушы сәтті сомдады. Мұғалім оқушыларды оқу үдерісіне белсенді тартуға бағытталған әртүрлі әдістерді қолданды. Сабақтың маңызды элементтерінің бірі – топтық жұмыс болды. Бұл әр баланың өзін бағалы сезініп, ортақ іске жеке үлесін қосуына мүмкіндік берді.
Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау тәсілдері кеңінен қолданылды. Балалар Ньютонның өмірінен тек деректерді есте сақтап қана қоймай, ақпаратты талдауға, салыстыруға және логикалық ойлауға үйренді. Ирина Валерьевна балаларға сұрақ қойып, жауап іздеуді ұсынды – бұл олардың өз бетінше ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті.
Сабақтың тағы бір маңызды бағыты – функционалдық сауаттылыққа назар аудару болды. Мұғалім балалардан тек деректерді білу емес, сонымен қатар оларды әртүрлі жағдаяттарда қолдана білу, қорытынды жасау, өз пікірін білдіруді талап ететін тапсырмаларды ұсынды.
Сабақ жоғары деңгейде өтті, балалар үшін қызықты да танымдық болды. Оқушылар ұлы ғалым туралы көбірек біліп қана қоймай, оқу мен өмірде қажет болатын маңызды дағдыларды дамытуға мүмкіндік алды.
04 марта 2025 года в рамках Декады учителей начальных классов, прошел открытый урок в 3 «В» классе, по произведению В.Воскобойникова «Когда Ньютон был маленьким», учитель Дубикина Ирина Валерьевна. Урок посетил и сам Исаак Ньютон, через воплощение в ученике. Учитель использовала различные методики, которые способствовали активному вовлечению детей в процесс обучения. Одним из важнейших элементов урока была групповая работа, которая дала возможность каждому ребенку почувствовать свою ценность и внести личный вклад в общее дело. На уроке активно использовались приемы критического мышления. Дети не просто запоминали факты из жизни Ньютона, но и учились анализировать и сопоставлять информацию, рассуждать логически. Ирина Валерьевна предложила детям задавать вопросы и искать на них ответы, развивая таким образом их способность к самостоятельному мышлению. Важным моментом урока было внимание к функциональной грамотности. Учитель интегрировала задания, которые требовали от детей не только знания фактов, но и умения применять полученные знания в разных контекстах, делать выводы, высказывать собственное мнение. Урок прошел на высоком уровне, был интересным и познавательным для детей. Учащиеся смогли не только узнать больше о великом ученом, но и развить важные навыки, которые пригодятся им в учебе и в жизни.