Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі/Декада казахского языка и литературы
04
желтоқсан
2024

Қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі/Декада казахского языка и литературы

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында 4 - желтоқсан күні 5 "Е" сыныбымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдуанова Мәдина Оразбекқызы "Қазақстан көлдері " тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақта оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыру, Қазақстанның табиғи байлықтарын тану және оны қорғау қажеттілігі туралы түсінік берілді.  Жеке, жұптық, топтық  жұмыстардың кезектесіп жүргізілуі оқушылардың белсенділігін арттырып, әр оқушыға өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік берді. Тамшылардан сөз құрастыру-шығармашылық тапсырмасы, оқушылардың ұсақ моторикасын, логикасын және сөздік қорын дамытуға ықпал етті.
Сабақ барысында диалог пен сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Бұл әдіс оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, өз ойын еркін жеткізуге, талқылауға және өз пікірін қорғауға мүмкіндік берді. Осы әдістердің үйлесімді қолданылуы сабақтың нәтижелілігін арттырды.  Кері байланыс сабақтың тақырыбына сай “Кеме” әдісі арқылы жүргізілді. Оқушылар сабақты түсінгендерін, қызығушылықтары артқанын кері байланыс арқылы білдірді.