Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дене шынықтыру, НВТП және эстетикалық пәндер мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырысы өтті
29
қазан
2025

Дене шынықтыру, НВТП және эстетикалық пәндер мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырысы өтті

29 қазан күні М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейінде дене шынықтыру, НВТП және эстетикалық пәндер мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Отырыста оқу үдерісінің сапасын арттыру мен педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды мәселелер қарастырылды.

Жиынның алғашқы бөлімінде I тоқсанның қорытындысы талданды.
Мұғалімдер оқушылардың үлгерім деңгейі мен білім сапасын саралап, бар олқылықтарды анықтап, оларды жою бойынша нақты шараларды белгіледі.

Келесі кезеңде қатысушылар дене шынықтыру, еңбек және эстетикалық пәндерді оқытуда жасанды интеллект пен STEM-білім беру элементтерін енгізу тақырыбын талқылады.
Педагогтар цифрлық құралдар мен интерактивті платформаларды қолдану тәжірибелерімен бөлісіп, мұндай технологиялар оқушылардың шығармашылық қабілетін, логикалық ойлауын және практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Отырыстың жалпы барысы профессионалдық ынтымақтастық пен конструктивті пікір алмасу рухында өтті.
Қабылданған шешімдер мен ұсыныстар білім беру үдерісін жетілдіру және инновациялық тәсілдерді енгізу бағытындағы алдағы жұмыстың негізі болмақ.


29 октября в школе-лицее № 28 им. М. Маметовой состоялось заседание методического объединения учителей физической культуры, НВТП и эстетических дисциплин. В ходе заседания были рассмотрены важные вопросы, направленные на повышение качества образовательного процесса и профессионального роста педагогов. В первой части заседания был проведён анализ итогов I четверти. Учителя обсудили уровень успеваемости и качество знаний учащихся, обозначили существующие пробелы и наметили конкретные меры по их устранению.  Далее участники заседания обсудили внедрение искусственного интеллекта и STEM-образования в преподавание предметов физического, трудового и эстетического цикла. Педагоги поделились опытом применения цифровых инструментов и интерактивных платформ, отметив, что интеграция технологий способствует развитию креативности, логического мышления и практических навыков учащихся. Заседание прошло в атмосфере профессионального обмена и конструктивного диалога. Принятые решения и предложения станут основой для дальнейшего совершенствования образовательного процесса и внедрения инновационных подходов в обучение.