XXI ғасыр дағдылары: инновациялық тәжірибелер мен жаһандық жобалар
2025 жылдың 19 қарашасында «Инновациялық білім беру тәжірибелері: STEM-тен STEAM-ға» әдістемелік күні аясында М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде «XXI ғасырда дамытуды қажет ететін құзыреттер» атты дөңгелек үстел өтті. Қазақ тілі, жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық цикл мұғалімдері қазіргі оқушыларға қажет негізгі дағдыларды бірге талқылады: сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, коллаборация, цифрлық сауаттылық, медиасауаттылық және жасанды интеллектпен жұмыс істеу қабілеті.