ХХІ-ғасыр көшбасшысы » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қазан
2022

ХХІ-ғасыр көшбасшысы

Дәуірдің дара тұлғасы – Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай, 2022 жылдың 5 қазанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ.А. Даулеткелдинова 7 «В» сынып оқушыларымен «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты: оқушылардың жазушы туралы білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау, сыныптың көшбасшысын анықтау. Сайыс 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. 2-кезеңінде бейнежазбаны көріп, тыңдаған ақпараттың негізінде тапсырмаларды орындады. Оқушылар сайыста белсенді болды.