«Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік тірегі» » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
желтоқсан
2021

«Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік тірегі»

«Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік тірегі» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігінде «Ана тілім-айбыным» өлеңді мәнерлеп оқу сайысы бастауыш сыныптар арасында өткізілді.
Сайыстың мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Сайыста 1,2,4-сынып оқушылары тіл туралы өлеңдер оқып, арнайы сұрақтарға жауап берді. Сайыстың қорытындысы бойынша әділ-қазылар алқасы оқушыларды І, ІІ, ІІІ жүлделі орындармен марапаттады. Үздік оқыған 2 А-сынып оқушысы Гайнова Анастасия мен 2 Г-сынып оқушысы Каппарова Амина ерекше көзге түсті. Оқушыларға бұл сайыс тек бастама деп сенеміз! Бұдан да үлкен жеңісті күндері әлі алда! Оқушыларымызға сәттілік!