Білімнің бір биігі – үш тілділік » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
ақпан
2020

Білімнің бір биігі – үш тілділік

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өткізілетін Алматы қаласындағы орта білім беру ұйымдарының қазақ, орыс,
 ағылшын тілдерін жетік меңгерген 5-11-сынып оқушылары арасында Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білімнің бір биігі –  үш тілділік» атты қалалық көптілді поэзия байқауы №15 гимназияда өтті. 
МАҚСАТЫ:
     қазақтың ұлы ағартушысы және ақыны Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында насихаттау;
    көп тілді  меңгеруі арқылы қазақтың ұлы ағартушысы және ақыны Абай Құнанбайұлының еңбектері мен өсиеттері негізінде оқушылардың бойында рухани және моральдік құндылықтарды қалыптастыру;
    жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу;
    жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын өздерінің ана тілін біліп,  өзге тілдерді құрметтеуге, қадірлеуге үйрету. Бұл байқауға мектебімізден 10 «Б» сынып оқушысы Новогранова Марина мен 7 «В» сынып оқушысы Фролов Евгений қатысып, ІІІ жүлделі орын алды. Құттықтаймыз!