Ашық сабақ «Тіл – рухани байлық» » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақ «Тіл – рухани байлық»
07
қыркүйек
2022

Ашық сабақ «Тіл – рухани байлық»

Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, 2022 жылдың 7 қыркүйегінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ. А. Даулеткелдинова 7 «А» сынып оқушыларымен «Тіл – рухани байлық» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алды. Сабақта «Бес қадам», «Бұлттар» ойындары және басқа да әдіс-тәсілдерді қолданып, белсенді жұмыс жасады. Оқушылар өз бетінше ойлаудың жақсы деңгейін, жоғары танымдық белсенділіктерін, материалды меңгеру және пайдалану деңгейін көрсетті. Сабақтың мақсаты мен міндеттері толығымен орындалды.