День Абая » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
тамыз
2020

День Абая

Елімізде 10 тамыз Абай күні деп белгіленді. Себебі қазақтың ұлы ақыны дүниеге келген күн. Осы жылы Абайдың 175 жылдығына орай №28 мектеп-лицейде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Жыл бойы лицейімізде ұстаздар мен оқушылар арасында челлендж, кітапханада мектепшілік Абай оқулары, ашық сынып сағаттар, Абайдың әндерін шырқау секілді іс-шаралар өткізілді. «Назарбаев зияткерлік мектебі» филиалы ұйымдастыруымен өткен «Абайды оқы, таңырқа!» тақырыбында «Зияткер» олимпиадасына қатысып, оқушыларымыз құр алақан қайтқан жоқ. 6- сынып оқушылары  Қуандықова Айару 1 орын және  Кенгеспаев Алпамыс 2 орынға иеленді. 15 гимназияда өткен Абайдың 175 жылдығына арналған қалалық поэзия кешіне қатысып  10-сынып оқушылары Новогранова Марина мен Фролов Евгений 3 жүлделі орын алды. Мұғалімдердің ұлы ғұлама ақын Абай туралы жазған мақалалары газет-журналдарға жарияланды. Осындай шаралардың арқасында Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықтық, бұл Абайға деген құрмет  әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. 10 тамыз – Абай күніне орай лицей оқушылары Абайдың өлеңдерін оқып, әнін шырқап белсенділік таныта білді. Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға рухани азық, Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейтестілігі мен тағылымға толы екенін оқушылардың бойына сіңдіру. Абайды тану – адамның өзін өзі тануы. Абай мұрасын насихаттау арқылы жас ұрпақтың рухани байлығын дамытатынымызға сенімдіміз!
https://www.instagram.com/p/CDsVDC5D4KW/?igshid=1uwet9lwgbv6z