Мұғалімнің статусы туралы » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұғалімнің статусы туралы
26
қыркүйек
2019

Мұғалімнің статусы туралы

«Адамның бір қызығы – бала деген, баланы оқытуды жек көрмедім» деп хәкім Абай айтқандай, мұғалімдіктің де өз қызығы бар. Бірақ қиындығы да аз емес, соны жеңе білген жан ғана шәкірттерінің жүрегіне жол табады. Қазіргі қоғамдағы ұстаздар мәртебесі туралы сөз қозғар алдында, қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Мемлекет тарапынан ұстаз мәртебесін көтеру жоғары орында тұр. Сол мақсатта мұғалімдерге арналған  түрлі байқаулар ұйымдастырылып отыр. Біздің лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Епекова Лаура Дәулетқызы  «Ұстаз мәртебесі – ұлт мерейі» атты қалалық байқауға қатысып, өзінің шығармашылығымен бөлісті. Байқаудың мақсаты:  ұстаздар арасында озық, жаңашыл, мерейлі ұстазды анықтау. Бағын сынауға қала бойынша 100-ден астам мұғалім қатысты. Үздік деген 12 мұғалім қалалық кезеңге өтті. Үздіктердің қатарын Лаура Дәулетқызы толықтырып, ұстаздық шеберлігін паш етіп, Алматы қаласы әкімінің қолынан марапат алды. 

Похожие публикации:

26 қыркүйек 2019 Абай туралы