Мұражайға саяхат » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
қыркүйек
2022

Мұражайға саяхат

Тіл білімінің атасы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған мектепішілік іс-шара аясында лицейіміздің 11 «А» сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Г.А. Кайыповамен ұлт ұстазының мұражайына, ескерткішіне, саябағына барып, сырттай саяхат сабағын өтті. Педагог- ғалымның мұражай-үйі қоғам қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашалық жолына арналған, мәдени-ғылыми мекенжай. Мұражай Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл үйде Байтұрсынұлы 1934 жылдан бастап тұрған. Мемлекеттік деңгейде құрылған арнаулы комиссия шешімімен мұражай-үй бұрынғы қалпына келтірілген. 
    Оқушылар сабақ аясында ұлы ағартушы туралы көптеген мәліметтермен таныса отырып, ғалымның  ескерткішіне гүл шоғын қойды. Сабақта ұлы ағартушының өмірбаяны, білім жолында жүріп жазған еңбектері,  халық-ағарту жолында  жасаған игі істері туралы өз ойларын айтып, пікір бөлісті. Пікір алмасу барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері мен қанатты сөздері  қазіргі таңда да өте өзекті екенін алға тартты.
 Ұлт ұстазының  «Білімнің бас құралы-кітап», «Басқадан кем болмас үшін - білімді һәм күшті болу керек» деген қанатты сөздері бүгінгі сабақтың қағидасы  болды.      



Похожие публикации:

11 қаңтар 2020 Дөңгелек үстел
26 қыркүйек 2019 Абай туралы