педагог-ағартушы » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сәуір
2020

педагог-ағартушы

Козыбогарова Светлана Дауитовна - жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Білім саласындағы жалпы еңбек өтілі 42 жыл. Оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық қарайтын ұстаздың жеткен жетістіктері өте көп. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі үлесі үшін «Білім беру ісінің үздігі», Білім және Ғылым министрлігінің, қалалық Білім бөлімінің грамоталарымен марапатталған білікті ұстаз. Көптеген әдістемелік кітаптар мен саналы ұрпақ тәрбиелеу туралы мақалалардың авторы. 1999 жылдан 2016 жылға дейін директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Светлана Дауитовна ата-аналар мен оқушылар арасында беделді, әріптестеріне сыйлы. Жұмыстағы негізгі ұстанымы – бәсекеге қабілетті, дарынды, өзіне сенімділікпен қарайтын тұлға тәрбиелеу. Осы ұстанымдарының арақасынада оқушылары түрлі деңгейдегі аудандық, қалалық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары. Қазақ халқының мәдениеті мен әдет – ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру үшін сабақта әртүрлі жаңашыл әдістері асқан шеберлікпен қолдана білетін ұлағатты ұстаз бүгінгі таңда заман талабынан қалмай қашықтықтан сабақ өткізуде. Сабақ тапсырмаларын WhatsApp желісімен беріп, кері байланыс жүргізіп, бағалауда Kundelik.kz платформасын қолданып жүр.

Үлгілі ұстаздың ұстанатын қағидасы «Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы» Осы қағидадан айнымайтын өнегелі ұстаз әрқашанда биіктерден көріне біледі.