Қашықтықтан оқыту- қазіргі заман талабы » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қашықтықтан оқыту- қазіргі заман талабы
19
сәуір
2020

Қашықтықтан оқыту- қазіргі заман талабы

Кайыпова Гүлнұр Алпысбаевна  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Білім саласында 20 жылдық еңбек өтілі бар, бірінші санатты мұғалім. Оқушылары қалалық, аудандық ғылыми жоба мен түрлі байқаулардың жеңімпаздары. Шығармашыл ұстаз әрқашан баспа беттерінде, семинарларда өзінің іс-тәжірибесімен  бөлісіп отырады. 8 «А» сыныбының сынып жтекшісі. Сыныбымен үнемі түрлі іс-шараларға қатысып, мектеп өміріне белсенді қатысатын мұғалім оқушыларды қашықтықтан оқытуда түрлі платформалардың ішінен Күнделік.kz.,Google Classroom қосымшасы, Bilimland.kz, ZOOM қосымшасы, Whatsapp желісімен байланысын жүргізуді қолайлы деп таңдады. Оқушыларымыздың  қашықтықтан оқуға тез бейімделіп кетуі, әрине мұғалім, бала, ата-ана  арасындағы байланыстың арқасында жүріп жатыр. Қазіргі таңда жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жас ұрпақты қашықтықтан оқытып, сапалы білім беру мұғалімнің басты парызы. Қашықтықтан сабақ беріп жүрген ұстазымыздың ойынша Google Classroom қосымшасы оқушыларға түрлі тапсырмалар беріп, оқушылардың жүктеген жұмыстарына кері байланыс жүргізгенге ыңғайлы. Оқушы құрылғысының жадысын (память) толтырмай сілтеме арқылы бейнематериалдар беруге де болады. Баллдық жүйемен оқушы өзінің жасаған жұмысын қаншалықты меңгергенін ашық көре отырып өзіндік бағалау жүреді. Қашықтықтан оқытуда жақсы жолға қойылған платформалардың бірі Bilimland.kz. Мұғалімнің бағыт-бағдар беруімен сабақта төрт тілдік дағдының жүріп отырғанын көруге болады. Оған дәлел ретінде айтар болсақ, мұғалім өз сабақтарында Bilimland.kz платформасын қолданып, 8-сыныпта «Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті»  бөлімі бойынша «Қазіргі және бұрынғы айтыс», «Қыз бен жігіт» айтысы тақырыптарындағы сабақтары. Оқушылар жаңа сөздерді тыңдап, қайталап тыңдалым, айтылым дағдыларымен жұмыс жасайды. Ақындар айтысы туралы мәтінмен танысып, оқылым дағдысы жүрді.   Мәтінге сай бейнематериал көру арқылы қазіргі және бұрынғы айтыскер ақындармен танысты. Мәтінді тыңдап, ақындар айтыста қандай мәселелер көтеретіні туралы сұрақтарға жауап беруде айтылым, тыңдалым әркеттері жүріп отырды. Ақпаратты дұрыс сәйкестендіру, берілген сөйлемді керекті сөзбен толықтыру, тест шешу тапсырмаларымен білімдерін бекітті. Жазылым дағдысы  айтыстың   жеті түрі мен ерекшеліктері туралы ақпартаттарды дәптерілеріне жазып алуымен жүрді. Жұмыстарын мұғалімге Whatsapp желісімен  жіберіп, кері байланыс алды. Ақындар айтысынан үзінді  өлең жолдарын  Whatsapp желісімен,  ZOOM қосымшасымен мәнерлеп оқып берді. Оқушылардың бағасы күнделік.kz қойылып, кері байланыс жүргізілді. Осы тапсырмаларды орындауда оқушылар арасында жеке жұмыс, ұжымдық  жұмыстың жүргенін байқаймыз. Қашықтықтан оқыту -  оқушыны өз біліміне  жауапкершілікпен қарауға,  өз бетінше жұмыс істей білуге, өзін-өзі реттей алатын тұлға болып қалыптасуға үйретеді деп сенеміз.