«Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы» атты кітап көрмесі » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы» атты кітап көрмесі
07
қыркүйек
2022

«Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы» атты кітап көрмесі

7 қыркүйек күні М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейдің кітаханасында  «Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы» тақырыбында ғалымның шығармашылық қызметін ашып көрсететін кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғалым, ағартушы – педагог, сөз құдіретін танытқан танымал ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы, мәдениет қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлының  қаламынан туған шығармалары  ұсынылды.  Кітап көрмесі келесі материалдарды ұсынады: энциклопедиялар,  көркем әдебиет және ағартушы туралы әдебиеттер. Кітап көрмесінің мақсаты - ұлы қайраткердің еңбектерін жан-жақты насихаттау мен оқырмандарды А. Байтұрсынұлының әдеби мұрасымен таныстыру.