“Қазақ санасының шамшырағы” » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қазақ санасының шамшырағы”
13
қыркүйек
2022

“Қазақ санасының шамшырағы”

13.09.2022 жылы лицейімізде “Қазақ санасының шамшырағы” атты Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған кеш өткізілді. Кештің мақсаты: жас ұрпаққа ұлы тұлғаның қазақ халқы тарихындағы алатын орнын, қоғамдық қызметі мен тіл білімі ғылымына қосқан үлесі туралы мәлімет беру. Ұлт жанашыры ретінде болашақ ұрпаққа қалдырған мұрасын дәріптеу. Кеш 10 “А” сынып оқушысы Өтеген Батырдың А.Байтұрсынұлы бейнесінде сахна төріне шығып, монолог оқуымен басталды. Кеш барысында оқушылар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, оның өмір жолына шолу жасады.  Сондай-ақ, “Байтұрсынұлы балалар көзімен” айдары бойынша өз қолдарымен салынған суреттерден сурет көрмесі және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеште қатысушылар “Жаса, жаса, қазақ тілім” әнін әуелетті. Кеш соңында апталық барысында  “А.Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы” тақырыбында өткізілген эссе байқауының қорытындысы жарияланып, оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.