Қазақтың атақты жазушысы, драматург Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл. » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақтың атақты жазушысы, драматург Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл.
30
сәуір
2020

Қазақтың атақты жазушысы, драматург Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл.

Қазақтың атақты жазушысы, драматург Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл. Қарымды қаламгердің қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. Әр шығармасында қазақ елінің тағдырын, жоқшылық пен тапшылықты ашық суреттейді. Ал, бүгінде ақынның жиырмаға тарта поэмасы, оннан астам пьесасы, көптеген романдары қазіргі жас ұрпаққа рухани азық болуда.

Сәбит Мұқанов 1900 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қарасты Жаманшұбар ауылында дүниеге келген. Бала күнінен ертегі, жыр-дастан, әңгіме-қиссаға құмар болады. Әдебиетке назары ауған ол Абайдың шығармаларымен сусындап өседі. Қаламгердің елдегі нәубет жылдарды бейнелеген көлемді туындысының бірі «Ботагөз» романы. Жазушы бұл туындысында қазақ халқының төңкерістік ірі кезеңдерін қамтыған. Тарихи шығарма бірқатар шетел тілдерінде аударылған. «Ботагөз» романына негізделіп пьеса жазылып, ел театрларының сахнасында сан мәрте сахналанған. Арнайы роман желісінде кинофильм де түсірілді. Сондай-ақ, Сәбит Мұқанов ойшыл-ғалым Шоқан Уәлиханов жайлы да көп зерттеп, қалам тербеген. Жазушы Шоқанның саналы ғұмыры жайлы "Шоқан Уәлиханов" пьесасы мен "Жарқын жұлдыздар" атты еңбектерін жазады. Ал, өмірінің соңғы жылдары Шоқан өмірінен сыр шертетін "Аққан жұлдыз" романын жазып, оның екі кітабын шығарған. Өкінішке орай, жазушы төрт том ретінде жоспарлаған бұл роман аяқталмай қалған.