Халықаралық акциясы » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
қазан
2018

Халықаралық акциясы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру», «Ұрпақтар сабақтастығы» бағдарламасы аясында 2018 жылдың қазан айының көлемінде Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ерлігіне 75 жыл толуына орай Орал – Алматы – Невель қалаларында «Еске алу сағаты» Халықаралық акциясы жүзеге асуда.

Халықаралық акция 2018 жылдың 2 қазанында Мәншүк Мәметованыңтуған қаласы Оралда басталып, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Орал қаласы әкімшілігінің қатысуымен митинг болып өтті.

Халықаралық акцияның екінші кезеңі Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан қазақтың батыр пулеметші қызының есімімен аталатын Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде мерекелік жиынмен жалғасын тапты. Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова біздің мектепте 1931 – 1938 жылдары оқыған. Қазақтың маңдайына біткен батыр қызы Мәншүктің қамшының сабындай қысқа ғана ғұмыры 1943 жылдың 15 қазанында Невель түбінде орналасқанИзочи бекеті үшін қаһарлы шайқаста сөнді де қалды.

Лицейіміз 1960 жылдан бері Совет Одағының батыры Мәншүк Мәметованың атымен аталып келеді. Лицейде Әскери Даңқ Мұражайы құрылған. Мұражай Мәншүк Мәметова атымен аталатын барлық мектептер мен мұражайлар арасында үнемі байланыс орнатып отырады. 2012 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенттік қорының қолдауымен №28 лицей мұғалімдері мен оқушыларынан құралған делегация Ресей Федерациясының Невель қаласындағы Псков облысында жерленген Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың жерлеу орындарын көзбен көріп қайтты.

Жарық жұлдыздай жарқ етіп сөнген қазақтың батыр қызының ерлігін еске алу жиынында Ұлы Отан соғысының ардагері Мәншүк Мәметованың майдандастары, қоғам қайраткерлері С.С. Жиенбаев және Б.И.Кереев, Республикалық генералдар кеңесінің Президиум төрағасы Р.Е.Кайдаров, туысы Айман апай, Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы «Приуралье» мемориалдық мұражайының директоры С.С.Бектенова, генерал И.В.Панфиловтың немересі А.Б.Байкадамова, Алматы қаласының ардагерлер кеңесінің президиум мүшесі К.С.Серикбаев, Ауғанстан соғыс ардагері М.Абдушукуров, «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғарғы атағының иегері А.Т.Миразова, НұрОтан партиясының Медеу аудандық филиалының мүшесі К.Т.Қасимов, Қазақстан ғылыми-педагогикалық академиясының корреспондент-мүшесі К.К.Кунапина, «Бала тәрбиесі», «Қазақстан тарихы: әдістемелік журналының» бас редакторы Т.О.Азимханова, Медеу аудандық Білім басқармасының басшысы А.А.Сапарова сынды қонақтар бас қосты.

Шақырылған қонақтар өз кезегінде М. Мәметованың өмірі мен майдандағы ерліктері жөнінде естеліктерімен бөлісе отырып, оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін ұлғайта түсті.

Жоспар бойынша лицей оқушыларының қатысуымен «Мәншүктің соңғы ерлігі» атты көрініс қойылды. «Мың рет айтқанша, бір рет көрсеткен абзал» демекші, көрініс кезінде қонақтар көздеріне еріксіз жас алып, ал оқушылар қазіргі тәуелсіздік елімізге қандай ауыр жолмен келгенін бір сәтке көз алдарынан өткізді. Кеш барысында лицей оқушылары өзге ұлт өкілі болса да, қазақ қызының ерлігін паш ету жолында өз өнерлерін барынша ортаға салды.

«Еске алу сағаты» Халықаралық акциясының үшінші қорытынды кезеңі Ресей Федерациясының Невель қаласында аталмыш жылдың 15 қазанында өтеді деп жоспарлануда.





Похожие публикации:

12 қаңтар 2015 Хабарландыру