Ұстаздың мәртебесі биік болуы керек » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
қаңтар
2020

Ұстаздың мәртебесі биік болуы керек

Мемлекетіміз білім беру сааласын дамытуға, жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім беруге барлық  жағдай туғызып  келеді. Жуырда қазақстан Республикасының  Парламенті   «Педагог мәртебесі» туралы Заң қабылдады.

Осыған орай  Алматыдағы   М.Мәметова атындағы №28 мектеп – лицейде аталмыш заңдағы мұғалім мәртебесі жөнінде мектеп әкімшілігі мен ұстаздар талқылады. Педагог мәртебесін айқындап берген заңдағы педагогтің құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері және шектеулері, міндеттері мен жауапкершілігі жайында сөз қозғалды.

   Қазіргі қоғамда ұстаздар мәртебесі туралы сөз қозғар алдында, қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол  ұрпақты  тәрбиелейтін ұстаздарды  да сондай ардақтауға міндеттіміз», - деген сөзі еске түседі. Яғни бала бойына ата – анадан кейінгі ақыл – ой, адамгершілік, әдептілік,  ар-ұят, ұлттық сана – сезімді сіңіруші жан – ол мұғалім.  Дегенмен де, білім мазмұнының өзгеруіне байланысты, мұғалімге деген көзқарас та, талап та өзгеруде. Жаңа қабылданған заңда ұстаздарға көптеген  артықшылықтар мен қолдаулар қарастырылған.Біріншіден, 2020 жылы жалақыны 25 пайызға өсіру және төрт жыл ішінде екі есе арттыру көзделген. Екіншіден, педагог өз міндеттеріне жатпайтын функцияларға тартылудан қорғалатындығы айтылған. Жиында мектеп басшысы А.Медетбекова педагогтік әдеп пен міндеттерге жеке тоқталды.

М.Мәметова атындағы 

№28 мектеп – лицейдің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Болатхан Айдана Закарияқызы


Похожие публикации: