М.Әуезов мұражай-үйіне экскурсия / Экскурсия в дом-музей М.Ауэзова » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » М.Әуезов мұражай-үйіне экскурсия / Экскурсия в дом-музей М.Ауэзова
26
мамыр
2023

М.Әуезов мұражай-үйіне экскурсия / Экскурсия в дом-музей М.Ауэзова

26 мамыр күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Епекова Л.Д. 5 «А» сынып оқушыларымен жазушы-ғалым, Қазақстан ғылым академиясының  тұңғыш академигі М.О.Әуезовтің мұражайына саяхат жасады.  125 жылдық мерейтойы қарсаңында мұражай күрделі жөндеуден өтіп, музейлендіру жұмыстары қайта жүргізілді. Мұражай екі кешеннен тұрады: М.Әуезовтің өз сызбасы салынған мұражай-үйі мен құнды жәдігерлер қойылған экспонат-зал. Залға суреткер-ғалым пайдаланған жәдігерлер мен қазақ руханиятына қатысты құнды экспонаттар қойылған. 
"Әуезов үйінің" жүрегі – жазушының жұмыс бөлмесі. Ол бұл жерді өте қатты жақсы көрген екен. Мұнда  жазушы әйгілі төрт томдық «Абай жолы» эпопеясының соңғы нүктесін қойған. Сонымен бірге, мұнда көптеген пьесалар, очерктер, әдебиеттану саласындағы бірқатар ірі еңбектер өмірге жолдама алды. Жазушының соңғы романы «Өскен өркен» жазылды. М.Әуезов мұражайының өскелең ұрпаққа берер үлгі-өнегесі мол. Мұражайдағы саяхатта  оқушылар зор қызығушылық танытып, жазушының шығармашылығы туралы білім қоржыны толықтырылды.

***

В рамках реализации проекта Министерства Просвещения РК «Музейные уроки», учащиеся 5 «А» класса КГУ «Школа-лицей им.М.Маметовой», классный руководитель Епекова Л.Д., 26 мая 2023 года посетили дом-музей М.Ауэзова.  За годы своего существования музей превратился в один из крупнейших очагов казахстанской и мировой культуры. Мемориальные ценности «Дома Ауэзова» – рукописи, архивные материалы, фотографии, негативы, экспонаты, личные вещи, эпистолярное наследие, кино-видео, аудио материалы являются национальным достоянием Казахстана и служат символом духовной культуры нации. Такие уроки имеют огромный воспитательный характер. 

Похожие публикации:

06 қыркүйек 2022 Мұражайға саяхат
26 қыркүйек 2019 Абай туралы