Әскери даңқ мұражайы » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қыркүйек
2022

Әскери даңқ мұражайы

М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінің Әскери даңқ мұражайы
«БАТЫР ТҰСА – ЕЛ ЫРЫСЫ, ЖАНБЫР ЖАУСА – ЖЕР ЫРЫСЫ»
   Біздің мұражай 1978 жылы 6 мамырда құрылған. 1979 жылы сәуірде мұражайға төлқұжат және «Мектеп мұражайы» атағын беру туралы куәлік берілді. Ал екі жылдан кейін, 1980 жылдын наурызында мектеп мұражайларының жұмысын қарау жөніндегі Бүкілодақтық комиссиядан кейін Әскери даңқ мұражайына «Мектеп мұражайының үздігі» атағын беру туралы куәлік берілді. Мектептің Әскери даңқ мұражайын негізін қалаушысы – Евгений Иосифович Динерштейн – мектебімізде өмір бойы қызмет еткен тарих пәнінің мұғалімі. Оның еңбек кітапшасы мұражай мұрағатында сақтаулы.
Музей бірнеше рет түрлі деңгейдегі байқаулар мен шолулардың жеңімпазы болды.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде мектептегі Әскери даңқ мұражайы жетекші рөл атқарады, мұнда оқушылар мұғалімдермен бірге:
  • Әскери іс-шараларға қатысқан жерлестердің ерліктері туралы материалдар жинайды;
  • Олар туған қаласының, мектептің тарихи ескерткіштерін қорғайды;
  • Лицей оқушылары мен қонақтары арасында мәдени-бұқаралық жұмыстарды жүргізеды.
Мұражайдың мақсаты:
Қазақстан тарихын, мектеп тарихын зерделеу, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жақсарту, Отанға, туған жерге, Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрлері мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, ескерткіштермен тарихи құндылықтарға құрметпен қарауды тәрбиелеу, азаматтық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу.
   Мұражай құрылған күннен бастап үздіксіз ізденісте болды. Бірнеше бөлімнен тұратын экспозицияда мектеп оқушылары мен мұражай кеңесінің ізденіс жұмыстарының нәтижелері көрсетілген.


Похожие публикации:

06 қыркүйек 2022 Мұражайға саяхат