"Біз Сіздерді ұмытпаймыз ,қазақ халқының даңқты қыздары!" атты мерекелік іс-шара / Торжественное мероприятие "Мы помним Вас,славные дочери казахского народа!" » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Біз Сіздерді ұмытпаймыз ,қазақ халқының даңқты қыздары!" атты мерекелік іс-шара / Торжественное мероприятие "Мы помним Вас,славные дочери казахского народа!"
03
мамыр
2023

"Біз Сіздерді ұмытпаймыз ,қазақ халқының даңқты қыздары!" атты мерекелік іс-шара / Торжественное мероприятие "Мы помним Вас,славные дочери казахского народа!"

2023 жылдың 3 мамырында Ұлы жеңістің 78 жылдығына және Әлия, Мәншүк, Хиуаз - қазақтың батыр қыздарын еске алу мақсатында логистика және көлік Академиясында " Біз Сіздерді ұмытпаймыз ,қазақ халқының даңқты қыздары!" атты  мерекелік іс-шара болып өтті . Іс - шараны ұйымдастырған логистика және көлік академиясының ректоры  Амиргалиева Салтанат Нурадиловна  мен логистика және көлік академиясы кафедрасының профессоры, Әлия мен Мәншүк мұрасын зерттеуші Жусупов Кенес Амирловичке  алғысымызды білдіреміз.
Іс-шараның мақсаты - болашақ ұрпақтың бостандығы мен бақыты үшін қаза тапқан және әлемді фашизмнен азат еткен жауынгерлерді еске алу.  Ұлы Отан соғысы оқиғасы өткен 78 жылдан бері  қорқынышты зұлматтың зардаптары ешқашан ұмытылған емес. Ұлы Отан соғысы кезінде әкелеріміз бен аталарымыз қан кешкен айқын және айбынды ерлік ұрпақ жадында мәңгілік жаңғыратын болады. Олардың ішінде қазақ халқының даңқты қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанованың есімдері мен бейнелері қазақ халқының қыздарының батылдығының дәлелі іспеттес . Қазақ халқын бүкіл әлемге дәріптеген шығыстың үш шынарының жарқын қаһармандық өмірі жас ұрпақ үшін үлгі болу тиіс.
Салтанатты іс-шараға М.Мәметова атындағы 28 мектеп-лицейдің  директоры Медетбекова А.Т. мен директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары О. А. Гепфер шақырылды. Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 78 жылдығына және Мәншүк Мәметова,Әлия Молдағұлова мен Хиуаз Доспанованы еске алуға арналған әр жылдары жарық көрген газеттер,журналдар жиналған көрмені тамашаладық.
Іс-шара  жоғары деңгейде есте қаларлықтай болып өтті.

***

3 мая 2023 года в Академии логистики и транспорта состоялось торжественное мероприятие "Мы помним Вас,славные дочери казахского народа!" посвященное 78-летию Великой победы и памяти героинь Маншук,Алии и Хиуаз. Выражаем огромную благодарность организаторам мероприятия   -  Президенту - ректору Академии логистики и транспорта Амиргалиевой Салтанат Нурадиловне и Жусупову Кенесу Амирловичу, к.т.н., профессору кафедры Академии логистики и транспорта, исследователю наследия Алии и Маншук.
Цель мероприятия - почтить память воинов, погибших за свободу и счастье будущего поколения и освободивших мир от фашизма.Все дальше уходят в глубь истории события великой войны. Вот  уже 78 лет отделяет нас от того времени, когда отгремели последние залпы той страшной войны. Но чем более отдаляемся от тех времен, тем явственнее и величественнее встаёт перед всем миром бессмертный подвиг, который совершили наши отцы и деды в период Великой Отечественной войны. Среди них яркими звездами горят имена и образы славных дочерей казахского народа Алии Молдагуловой, Маншук Маметовой и Хиуаз Доспановой. Яркая героическая жизнь трех чинар Востока, прославивших казахский народ на весь мир, должна стать примером еще для многих поколений.
На торжественное мероприятие были приглашены директор Медетбекова А.Т  и заместитель директора по ВР Гепфер О.А. школы -лицея 28 им.М.Маметовой.
Также нами была посещена выставка,на которой были собраны газеты,журналы разных лет,посвященная 78-годовщине со дня Великой победы и памяти Маншук Маметовой,Алии Молдагуловой и Хиуаз Доспановой.
Мероприятие было проведено на высоком уровне,в теплой и дружественной обстановке.