Аңызға айналған қыз/Девушка, ставшая легендой » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аңызға айналған қыз/Девушка, ставшая легендой
14
қазан
2022

Аңызға айналған қыз/Девушка, ставшая легендой

Бүгін, 14 қазан күні М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Аңызға айналған қыз» атты салтанатты шара өтті. Салтанатты шараға: лицейдің педагогикалық ұжымы, 8-11 сынып оқушылары, лицейіміздің «Ұлан» әскери-патриоттық клубы және №5 Оқушылар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар болды:
- Айдын Аңсар Айдынұлы – Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы;
- Ғалымжанов Наиль Мулдахметович – генерал-майор, «Генералдар кеңесі» облыстық қоғамдық ұйымы президиумы төрағасының орынбасары;
- Насыров Денис Эдуардович - Медеу ауданы қорғаныс істері жөніндегі бастығының міндетін атқарушы;
- Әзірбаев Салават Ғұбайдуллаұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры;
- Кеңес Әмірлұлы Жүсіпов – Көлік және логистика академиясының профессоры, М.Мәметова мен Ә.Молдағұлова мұрасын зерттеуші;
- Лесбаев Әлімхан Тазабекұлы – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазХҚжӘТУ әскери кафедрасының аға оқытушысы, медицина қызметінің отставкадағы подполковнигі;
- Апсаттарова Салтанат Айкеновна – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазХҚжӘТУ жастар саясаты бөлімінің бас маманы;
- Алматы қаласы Медеу ауданы «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының өкілдері;
- Медеу ауданындағы мектептердің директорлары;
- Медеу ауданындағы мектептердің ҰБТП педагог-ұйымдастырушылары;
- «Аманат» партиясының өкілдері;
- БАҚ өкілдері;
Шарада №5 лицей оқушылары мен оқушылар үйінің оқушыларының орындауында қазақ және орыс тілдерінде соғыс жылдарындағы өлеңдер мен әндер шырқалды. Сондай-ақ, жас Мәншүктің майдан даласындағы өмірінің бір сәті көрсетіліп, «Майданнан хат» сахналық қойылымы көрсетілді. Сөзі мен музыкасын лицейіміздің мұғалімі Нүсіпбаева М.И жазған «Мәншүк туралы» әнді 11 «А» сынып оқушылары орындады. Шара жоғары деңгейде өтті.

Қатысқандардың барлығына рахмет!
Сегодня, 14 октября, в школе-лицее №28 им. М.Маметовой состоялось торжественное мероприятие «Девушка, ставшая легендой», посвящённое 100-летию со дня рождения Героя Советского союза Маншук Маметовой. В торжественном мероприятии приняли участие: педагогический коллектив лицея, учащиеся 8-11 классов, военно-патриотический клуб «Улан» нашего лицея, и воспитанники Дома школьников №5. А также присутствовали специально приглашенные гости:

- Айдын Ансар Айдынулы – главный специалист отдела Культуры и развития языков;

- Галимжанов Наиль Мулдахметович – генерал-майор, заместитель председателя Президиума РОО «Совет генералов»;

- Насыров Денис Эдуардович – ВРиО начальника по делам обороны Медеуского района;

- Азербаев Салават Губайдуллович - Кандидат исторических наук, профессор Кафедры международных отношений КазУМОиМЯ им. Абылай хана;

- Кенес Амирлович Жусупов – профессор Академии транспорта и логистики, исследователь наследия М.Маметовой и А.Молдагуловой;  

- Лесбаев Алимхан Тазабекович - старший преподаватель военной кафедры КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, подполковник медицинской службы в отставке;

- Апсаттарова Салтанат Айкеновна- главный специалист Управлении молодежной политики КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова;

-  Представители профсоюза «Устаз» Медеуского района г.Алматы;

- Директора школ Медеуского района;

- Преподаватели-организаторы НВТП школ Медеуского района;

- Представители партии «Amanat»;

- Представители СМИ;

На мероприятии звучали стихи и песни военных лет, на казахском и руссом языках, в исполнении лицеистов и воспитанников Дома школьников №5. Также было продемонстрировано сценическое выступление «Письмо из фронта домой», где был показан один из моментов жизни молодой Маншук на передовой. Учащиеся 11 «А» класса исполнили песню «о Маншук», слова и музыка которой, были написаны учителем нашего лицея Нусипбаевой М.И. Мероприятие прошло на высоком уровне. 

Спасибо всем, кто принял участие!