Ашық сабақ «Еңбекпен келген жеңіс» » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақ «Еңбекпен келген жеңіс»
07
желтоқсан
2022

Ашық сабақ «Еңбекпен келген жеңіс»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында 2022 жылдың 6 желтоқсанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ. А. Даулеткелдинова 7 «А» сынып оқушыларымен «Еңбекпен келген жеңіс» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқушылар грек-рим күресінен әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров туралы мәлімет алды. Сабақта «Қадам» әдісі, сәттілік доңғалағы ойыны «whellofnames.com» цифрлық платформасы, жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында «4 сурет 1 сөз» әдісі, топқа бөлу әдісі «qaz.math» цифрлық платформасы, топтық жұмыста «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі, рефлексияда «Бір ауыз сөз» әдісі қолданылды. Бейнежазбамен тыңдалым жұмысы жүргізілді. Оқушылар топтық жұмыста деңгейлік тапсырмалар орындап, сынып алдында өз жұмыстарын қорғады. Топтар жарысып, топ басшыларына 1, 2, 3 дәрежелі медальдар берілді. Оқушылар материалды пайдалану және меңгеру деңгейін көрсетіп, сабақтың мақсатына жетті.