Ашық сабақ «Мұхит және экологиялық проблемалар» » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақ «Мұхит және экологиялық проблемалар»
05
желтоқсан
2022

Ашық сабақ «Мұхит және экологиялық проблемалар»

05.12.2022 жылы 10 «А» сыныбында «Мұхит және экологиялық проблемалар» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақ көтерілген мәселенің себебі мен салдарын анықтап, шешу жолдарын іздеу және есімдіктің түрлерін жазбаша, ауызша тапсырмаларда қолдану деген мақсатпен жүзеге асты. Сабақта мұғалім оқуышылардың қызығушылығын арттырып, белсене оқуға итермелеп отырды. Оның дәлелі: жағымды көңіл-күй орнатуда «Кубик-рубик» әдісі, үй тапсырмасын сұрауда «Интервью» әдісі, мағынаны ашуда су құйылған құмырамен жасалған «Миға шабуыл» әдісі, мәтінмен жұмыс кезіндегі «Түртіп алу» әдісі, тілдік бағдарда қара пакеттегі қоқысты тиісті жәшіктерге салып, есімдіктің түрлерін әр ұяшыққа орналастыруда «Сұрыптаймын» әдісінің білім мен қатар тәрбиелік мәні де зор болды. Сабақты бекітуге «Фишбоун» әдісі арқылы әр топтың жауаптарымен балықтың мүсіні құрастырылды. Сабақ соңында «Тазалық» әдісімен рефлексия жасап, балалар сабақ бойы алған білімдерін сұрыптады. Сабақ жоспарға сай жүйелі өтіп, оқушылар мақсатқа жете білді.