ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
қаңтар
2020

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Қазақ тілі мен әдебиеті



1-сабақ

Сабақ тақырыбы:

Ғаламторды пайдаланамын

Күні: 17.01.2020 ж             

Мұғалімнің аты-жөні:  Мухамеджанов Д.О.

Сынып: 7 «В » 

Қатысқандар: 

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.1.1.1 - мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау;

7.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау;

7.5.1.3 мақсат үстелерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар орындай алады: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, ақпараттың өзектілігін анықтайды;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мақсат үстеулерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады; 

Кейбір оқушылар орындай аладымәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: тақырыптың негізгі ойын анықтайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: тарихи деректер, жинақталған


Дереккөздері: әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, интертактивті тақта

Оқыту әдістері: әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, жұптық, топтық жұмыстар, ұжымдық жұмыс.

Пәнаралық байланыс

тарих, еңбекке баулу, информатика

Сабақ барысы

Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері







Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындау.

Айтылым. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

1 тапсырма. Суретті қолдана отырып, сұрақтарға жауап береді, сабақтың тақырыбын түсінеді. 

Оқушылар қайда отыр?

Олар не істеп отыр?

Кітапханаға не үшін келді?

Мектепте кітапхана бар ма?

Сен соңғы рет қашан кітап алдың?

Ол қандай кітап еді?

Жаңа сабақ. Мәтіналды жұмыс. Жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысады.


Ресурстар 

Сабақ басы



6 мин

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті





 





1-әрекет. 

Сәлемдесу

Түгендеу

Сыныпта «Жүректен жүреке» атты психологиялық ахуал туғызу.

Топқа бөлу. Қима қағаздарда ғаламтор желілерінің аттары жазылады. «Ютуб», «Гугл», «Яндекс»

2-әрекет. Ой қозғау.

Оқушыларға  сурет отырып, сабақтың тақырыбын болжау.

Сабақ мақсатымен таныстыру.


Оқушылар жүректер арқылы бір-бірлеріне жылы тілектерін айтады.

Қима қағаздарды алу арқылы оқушылар топқа бөлінеді.






Оқушылар суретті көреді, тақырыптың мазмұнын ашады.

10 мин

3-әрекет. Ұжымдық жұмыс. «Сұрақ-жауап» әдісі Оқушыларға сұрақтар қойылады, суреттер көрсетіледі.

Дескрипторлар:

-сұрақтарға нақты жауап береді;

-суреттің дұрыс жауабын айтады;

Қалыптастырушы бағалау: мұғалім тақтаға ілінген бағалау парақшасы арқылы бағалайды.










Оқушылар қойылған сұрақтарға дұрыс жауап береді. Суреттің жауабын дұрыс айтады.

суреттер, слайд



Сабақ ортасы

10 мин

4-әрекет. Топтық жұмыс. «ТыңдауКөруОрындау» әдісі.

Оқушылар тыңдалған мәтін бойынша мәтінді толықтырады. 

Дескрипторлар:

  • мәтінді мұқият тыңдайды;
  • мәтін мазмұнын  қажетті  сөздермен толықтырады;
  • бірін-бірі бағалайды; 

Қалыптастырушы бағалау: мұғалім тақтаға ілінген бағалау парақшасы арқылы бағалайды.

5-әрекет. Жұптық жұмыс.

«Еркін микрофон» әдісі

Оқушылар тақырып бойынша диалогке түседі.

Мәтінді мұқият оқып, оқиға картасына салады. Тапсырманы ұқыпты орындап, топ алдында қорғайды.

Оқушылар топтық жұмысты тыңдай отырып, қаланың орналасқан жерін тауып, картаға




 Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.

Сұрақтарға толық , нақты жауап береді.


















Күтілетін сұрақтар:

Сенің үйіңде ғаламтор желісі бар ма?

Сен ғаламторды жиі пайдаланасың ба?

Ғаламтордың пайдасы бар ма?

 Қандай желілерді қолданасың ?

Дескрипторлар:

-оқушылар тақырыпқа байланысты бір-біріне сұрақтар қояды;

-сұрақтарға нақты жауап береді;

-сөздердің дұрыс айтылуына мән береді;

Қалыптастырушы бағалау: мұғалім тақтаға ілінген бағалау парақшасы арқылы бағалайды.




4 мин

5-әрекет. Тілдік бағдар.

Үстеу және оның мағыналық түрлерін  қайталау, мақсат үстеу.

Мен үй тапсырмасын әдейі орындамадым.

Ол қасақана істеген..

Дескрипторлар: 

-мақсат үстеуге сөйлемдер құрайды;

-сөйлемне мақсат үстеуді  табады,     

Қалыптастырушы бағалау: мұғалім тақтаға ілінген бағалау парақшасы арқылы бағалайды.

6-әрекет. Топтық жұмыс

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі

Ғаламторда не істеуге болатынын/ болмайтынытуралы кластер жасайды.

Дескрипторлар:

  • нақты ақпаратты жазады;
  • уақытты тиімді пайдалану;
  • топтық жұмысты топ алдында қорғайды, бірін-бір тыңдайды.



Оқушылар үстеуді есіне түсіріп, тапсырманы дәптеріне орындайды.









Оқушылар топ болып кластер жасайды. Топ алдында қорғайды.



Сабақтың соңы

5 мин

7-әрекет. Рефлексия. «Аяқталмаған бес сөйлем» әдісі. Сөйлемді толықтыр.

Маған ... қиын болды.

Мен ... тапсырмаларды орындадым.

Мен ... түсіндім.

Мен ... үйрендім. 

Мен ... таңғалдым.

Үй жұмысы: 

11-тапсырма 7-бет

Бағалау: 

Берілген сөйлемдерге өз ойын толықтырады. 

Жазған ойларын     топ ішінде дауыстап айтады.



https://youtu.be/k6ZnlTwfIrE 

Похожие публикации:

11 қаңтар 2020 Дөңгелек үстел
26 қыркүйек 2019 Абай туралы