Мақта қыз бен мысық » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
наурыз
2021

Мақта қыз бен мысық

1-сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен жоспарға сәйкес қазақ ертегілерімен танысуда. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген ынтасын ояту, әрі қызығушылықтарын арттыру барысында ертегіні сахналау ең тиімді тәсіл болып табылды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Маруақызы Т.,Мурзаканова К.А. оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұтымды, қызықты сабақты ZOOM платформасында онлайн және кезекші сыныптағы оқушылар арасында "Мақта қыз бен мысық" ертегісін сахналауды ұйымдастырды. Оқушылар өздеріне берілген рөлді жауапкершілікпен атқарып, көрнекілік құралдарын пайдалана отырып, өте жоғары деңгейде сомдады. Жас әртістерімізге үлкен қолдау көрсетіп, жұмыс уақытын бөлген ата-аналарға үлкен алғысымызды білдіреміз!