"Ұлы Отан соғысы беттері арқылы" тақырыбында викторина/Викторина на тему «По страницам Великой Отечественной войны» » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлы Отан соғысы беттері арқылы" тақырыбында викторина/Викторина на тему «По страницам Великой Отечественной войны»
10
мамыр
2023

"Ұлы Отан соғысы беттері арқылы" тақырыбында викторина/Викторина на тему «По страницам Великой Отечественной войны»

10 мамырда М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде тарих пәнінің мұғалімі А. М. Қоңырбаева Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған "Ұлы Отан соғысы  жылдары парағынан " тақырыбында танымдық викторина өткізді. Викторинаға жоғары 10 «Б» сынып оқушылары қатысты. 
Викторинаның мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы  қатысқан  ардагерлеріміздің жасаған ерліктерін еске ала отырып , бастарынан өткен қиын сұрапыл соғыс  кезеңдерін  ұмытпау,  еліміздің  тарихын құрметтеу және  өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ояту, туған  еліне  деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылар  ата – бабаларымыздың  соғыс жылдарындағы жеңістері туралы  білімдерінің  терең  екендігін  көрсетті.  
Викторина қорытындысы бойынша үздік оқушылар мен ойыншылар грамоталармен марапатталып, тәтті сыйлықтар  ұсынылды.
Ұлы Отан соғысы-миллиондаған адамдардың өмірін өзгерткен оқиға.  Бұл халықтың батырлығы,  жанкештілікпен жеңіске жету жолындағы ерен еңбек. Жеңіс күні – абырой мен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік сұм соғыста жеңіске жеткізді.Бұл күнді мәңгілік есте сақтау, Отанды сүю, елдің, жердің адал перзенті болу өз қолымызда.
***

10 мая в школе-лицей 28 им. М.Маметовой учителем истории Конырбаевой А.М. была проведена познавательная викторина на тему «По страницам Великой Отечественной войны», посвященная 78-летию со дня Великой Победы. В викторине приняли участие учащиеся старших классов, а именно: ученики 10 «Б» класса. 

Цель викторины: воспитание уважения к историческому прошлому на примере подвигов, совершенных в годы Великой Отечественной войны, развитие у учащихся чувство патриотизма, чувство уважения к истории родной страны, гордости за героев ВОВ. Ребята показали хорошие знания в Великой Победе наших предков.  По итогам викторины, учащиеся получили массу положительных эмоций, лучшие игроки были награждены грамотами и сладкими призами. 

Великая Отечественная война - событие, которое переломило жизни миллионов людей, в котором героизм простого солдата стал образцом для подражания. В наших силах сделать так, чтобы подвиги наших предков помнили и чтили будущие поколения.