“Абай оқулары” “Толық адам” атты сыныптан тыс іс-шара » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Абай оқулары” “Толық адам” атты сыныптан тыс іс-шара
14
ақпан
2024

“Абай оқулары” “Толық адам” атты сыныптан тыс іс-шара

Ақпанның он төрті күні Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде “Оқу сауаттылығы” апталығының аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Абай оқулары” “Толық адам” атты сыныптан тыс іс-шара болып өтті.  Қазақтың Ұлы ақынының шығармашылығына арналған іс-шараның мақсаты: Абай Құнанбайұлының өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасымен таныстыру, оқушыларды көркем сөйлеуге, адамгершілікке баулу. Сөз қадірін түсініп, адам бойындағы асыл қасиеттерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сонымен қатар, эстетикалық тәрбие қалыптастырып, сөйлеу мәдениетіне дағдыландыру. Әдеби-сазды кеште Ұлы ақынның сурет көрмесі, жасанды интеллект көмегімен көрнекіліктер көрсетіліп, өлеңдері мен қара сөздері жатқа оқылып, әуезді әндері шырқалды. Мектебіміздің оқушылары бұл кешке ерекше дайындықпен келіп, өз өнерлерін ортаға салды. Әдеби кештің сәнін келтірген “Желсіз түнде жарық ай” әнін 5”Б”сынып оқушысы Лекер Аңсағаным орындаса, 5”В” сынып оқушысы Ержанов Темірлан “Боз Шолақ” күйін  тартып, 5”Б” сынып оқушылары “Көзімнің қарасы”  хорын орындады.  Ақынның қара сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқыған 5-6 сынып оқушылары, 11”А” сынып оқушылары әдеби кешке ерекше әсер берді. 
Бүгінгі әдеби-сазды кештің қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасының дәріптеліп, жас ұрпақтың бойына құндылықтарды сіңіруде алар орны зор. Іс-шараға атсалысқан оқушылар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз.



Похожие публикации:

10 тамыз 2020 День Абая
26 қыркүйек 2019 Абай туралы