Гуманитарлық циклдың апталығы/Декада гуманитарного цикла,
2023 жылғы 23 қазанда №28 мектеп-лицейінде (М.Мәметова атындағы) гуманитарлық цикл онкүндігі аясында дүниежүзі тарихынан «Ағарту идеялары американдықтарға қаншалықты әсер етті?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты тарих пәні мұғалімі Берлібаева Әлия Екемберліқызы жүргізіп, бұл шара тек оқушылар үшін ғана емес, XVIII ғасыр философиясының әлемдік дамуға қалай ықпал еткенін тереңірек түсінгісі келетіндердің барлығы үшін маңызды оқиғаға айналды.
Сабақ пікірталас пен топтық жұмыс форматында өтті, бұл оны жандандырып, қызықты процеске айналдырды. Оқушылар топтарға бөлініп, Ағарту дәуірінің идеяларының америкалық қоғамға тигізген әсерін нақты мысалдар арқылы зерттеп, шағын жобалар дайындады. Әр топ өз қорытындыларын тарихи құжаттар мен мысалдарға сүйене отырып ұсынды. Оқушылар биліктің бөлінуі, сөз және діни сенім бостандығы, сондай-ақ теңдік пен әділдік қағидаттары жаңа америкалық мемлекеттіліктің негізіне айналып, бүгінгі күнге дейін демократиялық қоғамдарды дамытуда шешуші рөл атқарып келе жатқанын көрсетті.
Сабақтың басты сәттерінің бірі – Ағарту идеяларының қазіргі уақытта да өзектілігін түсіну болды. Оқушылар бостандық пен адам құқықтары қағидаттарының заманауи мемлекеттердің дамуына әлі де әсер ететінін талқылады. Пікірталас барысында олар Ағарту мұрасының азаматтық құқықтардың негізін құрайтынына және олардың сақталуы бүгінгі қоғам үшін де маңызды екеніне көз жеткізді.
Мұғалім Әлия Екемберліқызы Берлібаева мұндай сабақтардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, тарихи оқиғалар мен қазіргі үдерістер арасындағы байланысты табуға үйрететінін атап өтті.
23 октября, в рамках декады гуманитарного цикла, в школе-лицее №28 им. М.Маметовой прошел открытый урок по всемирной истории на тему «На сколько идеи Просвещения повлияли на американцев?». Урок провела учитель истории Берлибаева Алия Екемберлиевна, и он стал важным событием не только для школьников, но и для всех, кто стремится лучше понять, как философия XVIII века изменила облик мира. Урок был построен в формате дискуссии и групповой работы, что позволило превратить его в живой и увлекательный процесс. Ученики разделились на группы и подготовили мини-проекты, проанализировав конкретные примеры влияния идей Просвещения на американское общество. Каждая группа представила свои выводы, опираясь на исторические документы и примеры. Учащиеся показали, как разделение властей, право на свободу слова и вероисповедания, а также принципы равенства и справедливости стали основой новой американской государственности и до сих пор играют ключевую роль в развитии демократических обществ. Один из ключевых моментов урока — понимание того, что идеи Просвещения актуальны и в наши дни. Учащиеся обсудили, как принципы свободы и прав человека продолжают влиять на развитие современных государств. В ходе обсуждения они пришли к выводу, что наследие Просвещения лежит в основе гражданских прав, соблюдение которых важно для общества и сегодня. Учитель Алия Екемберлиевна Берлибаева акцентировала внимание на том, что такие уроки помогают развивать критическое мышление, учат находить взаимосвязь между историческими событиями и современными процессами.
