Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Гуманитарлық циклдың апталығы/Декада гуманитарного цикла,
23
қазан
2024

Гуманитарлық циклдың апталығы/Декада гуманитарного цикла,

2023 жылғы 23 қазанда М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде гуманитарлық цикл онкүндігі аясында дүниежүзі тарихы пәнінен «Фараон Хатшепсут не себепті кемелерді Пунт еліне аттандырды?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты тарих пәнінің мұғалімі Сүлейменова Ляззат Молдаханқызы жүргізді.

Сабақ топтық жұмыс және жобаларды қорғау форматында ұйымдастырылды. Бұл формат оқушыларға тақырыпты тереңірек зерделеп, зерттеушілік қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді. Сабақ құрылымы фараон Хатшепсуттың билік еткен кезеңі туралы мағлұмат алуға ғана емес, сонымен қатар оқушылардың экспедицияның Мысыр үшін маңыздылығы туралы өз бетімен тұжырым жасауына бағытталған болатын.

Оқушылар Пунт еліне жасалған экспедицияның тек сауда мақсатында ғана емес, сонымен қатар саяси және діни мәнге де ие болғанын талқылады. Олар Мысырға әкелінген тауарлар (хош иісті заттар, алтын, экзотикалық жануарлар) туралы мысалдар келтіріп, бұл сапарды бейнелейтін фрескаларды қарастырды. Талқылаудың маңызды қорытындысы — фараон Хатшепсут бұл экспедицияны елдің экономикасын дамыту үшін ғана емес, өзінің билігін нығайтып, құдайлық бейнесін бекіту мақсатында да пайдаланғаны туралы тұжырым болды.

Топтық жұмыс пен жобаларды қорғау форматы барлық оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етті. Олар тарихи дереккөздермен жұмыс істеуді, фактілерді талдап, дәлелді қорытындылар жасауды үйренді. Жобалық жұмысқа қатысу оқушылардың көпшілік алдында сөйлеу және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға да ықпал етті.


В рамках декады гуманитарного цикла 23 октября в школе-лицее №28 им. М.Маметовой прошел открытый урок по всемирной истории на тему «Зачем фараон Хатшепсут отправляла корабли на землю Пунт?». Урок провела Сулейменова Лязат Молдахановна. Мероприятие было организовано в формате групповой работы с последующей защитой проектов, что позволило учащимся глубже изучить тему и продемонстрировать навыки исследовательской работы.  Урок был выстроен таким образом, чтобы ученики не только получили информацию о периоде правления фараона Хатшепсут, но и самостоятельно попытались ответить на ключевой вопрос: почему экспедиция в Пунт была важна для Древнего Египта.  Ученики обсудили, что экспедиция на землю Пунт имела не только торговую, но и политическую и религиозную значимость. Были приведены примеры товаров, привезенных в Египет (благовония, золото, экзотические животные), а также рассмотрены фрески, изображающие это путешествие. Важным итогом обсуждения стал вывод о том, что фараон Хатшепсут использовала экспедицию не только для экономического обогащения страны, но и для укрепления своей власти и легитимности, подчеркнув свою божественность в глазах подданных.  Формат групповой работы и защиты проектов способствовал активному включению всех учеников в учебный процесс. Они научились работать с историческими источниками, анализировать факты и формировать аргументированные выводы. Участие в проектной деятельности также помогло школьникам развить навыки публичного выступления и работы в команде.