Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Гуманитарлық циклдың апталығы/Декада гуманитарного цикла,
18
қазан
2024

Гуманитарлық циклдың апталығы/Декада гуманитарного цикла,

2023 жылғы 18 қазанда М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде гуманитарлық пәндер онкүндігі аясында ағылшын тілінен ашық сабақ өтті. Сабақты 4 «Г» сынып оқушыларына ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Төлеген Ақмарал Маратқызы өткізді. Сабақтың тақырыбы — «People and Places» («Адамдар және мекендер») — оқушыларды елдер мен мәдениеттер әлеміне қызықты саяхатқа жетелеп, олардың таным көкжиегін кеңейтуге ықпал етті.

Ашық сабақ тек жоғары деңгейдегі оқытуды ғана емес, сонымен қатар оқушылардың сабаққа белсенді араласуын, түрлі интерактивті тапсырмалар арқылы білімге деген қызығушылығын көрсетті.

Сабақтың басты мақсаты — оқушылардың оқу, сөйлеу және тыңдау сияқты тілдік дағдыларын дамыту ғана емес, сонымен бірге олардың мәдени сауаттылығын қалыптастыру болды. «People and Places» тақырыбы аясында балалар әртүрлі елдер туралы әңгімелеп, әйгілі орындар, дәстүрлер мен түрлі халықтардың мәдениетімен танысты.

Ақмарал Маратқызы оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі тапсырмалар дайындады: қысқаметражды видеолар қарау, мәтінмен жұмыс жасау және әлемнің әртүрлі аймақтарының географиялық және мәдени ерекшеліктерін талқылау. Сабақ құрылымы оқушылардың ағылшын тілінде өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамытуға және шетел тілін меңгеру арқылы әлемді тануға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.


18 октября в рамках декады гуманитарных дисциплин в школе-лицее № 28 имени М.Маметовой состоялся открытый урок по английскому языку. Его провела учитель Төлеген Ақмарал Маратқызы для учеников 4-го «Г» класса. Тема урока — «People and Places» («Люди и места») — стала основой для увлекательного погружения в мир стран и культур, расширяя горизонты знаний учеников. Открытый урок продемонстрировал не только высокий уровень преподавания, но и вовлечение учеников в процесс обучения через интерактивные задания.  Основной целью занятия было не только развитие языковых навыков — чтения, говорения и аудирования, — но и формирование у учащихся культурной грамотности. В рамках темы «People and Places» ребята обсуждали разные страны, узнавали о знаменитых местах, традициях и культуре народов мира.  Төлеген Ақмарал Маратқызы подготовила разнообразные задания, чтобы заинтересовать учеников: просмотр коротких видео, работа с текстами и обсуждение географических и культурных особенностей различных уголков мира. Урок был построен таким образом, чтобы развивать у школьников умение выражать свои мысли на английском языке и формировать у них интерес к изучению мира через призму иностранного языка.