Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Гуманитарлық циклдың апталығы/Декада гуманитарного цикла,
17
қазан
2024

Гуманитарлық циклдың апталығы/Декада гуманитарного цикла,

2024 жылғы 17 қазанда гуманитарлық цикл онкүндігі аясында ағылшын тілі мұғалімдері Сатанова Манзура Мұхтарқызы және Ибраимова Куралай Құдайбергенқызы 10 «А» және 10 «Б» сынып оқушыларымен қызықты әрі танымды сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы – табиғи апаттар, атап айтқанда су тасқыны мен жер сілкінісі болды. Бұл сабақ оқушылардың сөздік қорын кеңейтуге және ағылшын тіліндегі коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталды.

Сабақ топтық жұмыс форматында ұйымдастырылып, әр команда табиғи апаттарға байланысты нақты жағдайларға арналған шағын жобалар дайындады. Оқушылар тек мәселені талқылап қана қоймай, мүмкін болатын шешімдерді ұсынды. Топтар өз жобаларын ағылшын тілінде қорғап, су тасқыны немесе жер сілкінісі кезінде қабылдануы тиіс нақты іс-шараларды таныстырды. Бұл оқушыларға осындай жағдайларға дайындалудың маңызын түсінуге және командалық жұмыста тәжірибе жинауға мүмкіндік берді.

Сабақтың ең қызықты кезеңдерінің бірі — «тревожный чемоданчик» жинау болды. Топтар төтенше жағдай кезінде қажет болатын заттар мен құралдарды талқылап, таңдады. Бұл интерактивті элемент тек практикалық дағдыларды дамытып қана қоймай, ағылшын тіліндегі маңызды лексикалық бірліктерді бекітуді қамтамасыз етті.

Мұндай сабақ өткізу оқушыларға тілдік білімдерін жетілдіруге ғана емес, төтенше жағдайларға дайындықтың маңыздылығын түсінуге де көмектесті. Мұғалімдер оқушылардың белсенділігі мен жобаларды қорғаудағы жоғары деңгейін атап өтті. Сабақ тіл үйренуді өмірлік маңызды білімдер мен дағдылармен ұштастырудың тамаша үлгісі болды.


17 октября в рамках декады гуманитарного цикла учителя английского языка Сатанова Манзура Мухтаровна и Ибраимова Куралай Кудайбергеновна провели увлекательный и познавательный урок с учащимися 10 «А» и 10 «Б» классов. Темой урока стали природные катаклизмы, такие как наводнение и землетрясение. Урок был направлен на расширение словарного запаса учащихся и развитие их коммуникативных навыков на английском языке. Занятие прошло в формате групповой работы, где каждая команда готовила мини-проекты по определённой ситуации, связанной с природными катастрофами. Учащимся предстояло не только обсудить проблему, но и предложить возможные решения. Команды защищали свои проекты на английском языке, представляя конкретные действия, которые следует предпринять во время наводнения или землетрясения. Это позволило ребятам лучше понять важность подготовки к таким ситуациям и научиться работать в команде. Одним из самых интересных этапов урока стало сбор «тревожного чемоданчика». Команды обсуждали и выбирали необходимые вещи и предметы, которые пригодятся в случае чрезвычайной ситуации. Этот интерактивный элемент не только развивал практические навыки, но и закреплял важные лексические единицы на английском языке. Проведение такого урока позволило учащимся не только улучшить знания языка, но и осознать важность подготовки к чрезвычайным ситуациям. Учителя отметили высокий уровень вовлечённости учеников и их активное участие в защите проектов. Урок стал отличным примером того, как можно сочетать обучение языку с важными жизненными знаниями и навыками.