Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімдері авторлық бағдарламалар негізінде тәжірибе алмасу семинар – конференциясы өтті.
2025 жылдың 17 сәуірінде Алматы қаласы, Медеу ауданы, М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімдері авторлық бағдарламалар негізінде тәжірибе алмасу семинар – конференциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқу үдерісіне авторлық әдістемелерді енгізу бойынша мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу.
ҚББЖТҒӘО сараптамалық кеңесімен мақұлданған өздерінің авторлық жұмыстарын ұсынуға мүмкіндік берді.
• Епекова Л.Д. , Болатхан А.З. (қазақ тілі мен әдебиеті) – «10-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту».
• Кайыпова Г.А. мен Жайлыбаева Б.У. (қазақ тілі мен әдебиеті) «Эссе жазып үйренейік!».
• Абдуанова М.О. (қазақ тілі мен әдебиеті) «Қазақ тілі сабағында тілдік төрт дағдыны жетілдірудің тиімді әдіс - тәсілдер».
• Сатанова М.М мен Ибраимова К.К. (ағылшын тілі) «Исскуство эссе».
Іс-шара Республикалық деңгейде өтті. Әр өңірден мұғалімдер қатысып, педагогикалық тәжірибе алмасу және кәсіби ынтымақтастықты кеңейту тұрғысынан маңызды ақпараттармен алмасты.
Барлық қатысушыларға белсенді жұмыстары мен тағылымды тәжірибелері үшін алғыс білдіреміз.





