10
желтоқсан
2024
Ашық сабақ/Открытый урок
“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының онкүндігі аясында желтоқсанның он бірі күні 2 “В” сыныбымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова А.Б.”Қазақстан-бақыт мекені”тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: балалардың патриоттық сезімін ояту, Отан, Атамекен ұғымдарымен таныстыру. Ашық сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстар орындалды. Рефлексия “ Шаңырақ “ әдісі балаларға ерекше ұнады. Сабақтың сергіту сәті “Ұлттық оюларды қайталап,биле” балаларды сергітіп алса, хормен орындалған “Атамекен” әні оқушылардың патриоттық сезімдерін оятты. 2”В” сыныбының оқушылары қазақ тілі пәнінен игерген білімдерін өте жақсы деңгейде көрсетті.
