02
желтоқсан
2024
Қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі/Декада казахского языка и литературы
2024 жылы 2 желтоқсанда ««Қазақ тілін оқытудағы заманауи үрдістер» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігінің салтанатты ашылуы болды. Онкүндік 02.12 – 17.12 күндері аралығында өткізу жоспарланып отыр.
Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда цифрлық кеңістікті қолдану арқылы оқыту сапасын жоғарылату, пәнге деген қызығушылықты арттыру. Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Қазақ халқының салт – дәстүрін насихаттау. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Ұстаздар мен оқушылар онкүндіктің жоспарымен таныстырылып, онкүндік аясында жоспар бойынша ашық сабақтар, кездесу, сыныптан тыс іс-шаралар өтеді. Лицей оқушылары мен ұстаздары барлық іс-шараға атсалысып қатысатынына сеніміміз мол.