Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі/Декада казахского языка и литературы
04
желтоқсан
2024

Қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі/Декада казахского языка и литературы

Желтоқсанның төрті күні  Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында 8 сынып пен 11 сынып оқушыларымен  «Желтоқсан – тәуелсіздік жаршысы» атты кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын аша отырып, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімді қалыптастыру. 
Еліміздің патриоттары, оқиға куәгерлері әрі ұлағатты ұстаздары – Телькараев Калибек Нургазиевич пен Утениязов Надыр Абжанович кездесудің қонағы болды. Бүгін олар ұзақ жылдар бойы жүрек түкпіріне сақтаған естеліктерімен бөлісуге келді. Ұлт тағдырына өшпес із қалдырған Желтоқсан оқиғасын ойға алғанда дір етпейтін жүрек жоқ. Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың  есімін иеленген №28 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері жыл сайын өскелең ұрпақтың бойына құндылықтарды дарыту, туған жерге деген патриоттық сезімді нығайту, өткенді ұмытпай, ұрпаққа ұлықтау мақсатында іс-шара, кездесу кештеріне ерекше ықыласпен дайындалады. Бүгін де сондай ерекше кештің куәсі болдық.