Ашық сабақ/Открытый урок
М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде жаратылыстану пәндері онкүндігі аясында 6-сыныпта «Үнемдеу және ұқыптылық: маңызды қаржылық әдеттер» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты мұғалім Қожамбердиева Н.А. өткізді. Ол оқушылардың экономикалық ойлау қабілеті мен қаржылық сауаттылығын дамытуға бағытталған әртүрлі интерактивті жұмыс түрлерін ұйымдастырды.
Сабақ барысында оқушылар топтық жұмыс арқылы үнемдеу мен қаржылық жауапкершілікке қатысты негізгі ұғымдарды талқылады. Сабақтың ең қызықты кезеңдерінің бірі – «Сұраққа кім жылдам жауап береді?» атты тақта жанындағы ойын болды. Бұл бөлімде оқушылар өз ойлау шапшаңдығы мен қаржылық сауаттылық негіздерін көрсете білді.
Оқушылар жұппен «Тарсия» логикалық ойынында жұмыс жасап, жауаптарға сәйкес келетін бөліктерді дұрыс сәйкестендіріп, пішінді құрастырды. Сонымен қатар, жеке тапсырмалар орындап, алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті.
Сабақ танымды әрі қызықты өтті. Ол балаларға ақшаны ұтымды пайдаланудың маңыздылығын түсінуге, қаржылық мәдениеттің негіздерін қалыптастыруға және ресурстарға ұқыпты қарауға үйретті. Мұндай сабақтар оқушылардың жеке қаржыны дұрыс басқару және болашақта бюджет жоспарлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
В рамках декады естественно-научных дисциплин в школе-лицее № 28 имени М. Маметовой прошел открытый урок в 6 классе на тему «Экономия и бережливость: важные финансовые привычки». Урок провела учитель Кожамбердиева Н.А., организовав для учащихся разнообразные интерактивные формы работы, направленные на развитие экономического мышления и финансовой грамотности. Во время занятия школьники выполняли групповую работу с терминами, разбирая ключевые понятия, связанные с экономией и финансовой ответственностью. Одним из самых динамичных этапов стала игра у доски «Кто быстрее ответит на вопрос», где ученики проявили скорость мышления и знание основ финансовой грамотности. В парах дети работали с логической игрой «Тарсия», где нужно было правильно собрать фигуру, соотнося части с правильными ответами. Также учащиеся выполняли индивидуальные задания, закрепляя полученные знания на практике.Урок получился познавательным и увлекательным, помогая детям осознать важность разумного обращения с деньгами, формировать основы финансовой культуры и бережливого отношения к ресурсам. Такие занятия способствуют развитию у школьников ответственного подхода к личным финансам и планированию бюджета в будущем.
