Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақ/Открытый урок
22
қаңтар
2025

Ашық сабақ/Открытый урок





2024 жылғы 22 қаңтарда М. Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде «Жаратылыстану пәндерін оқытуға инженерлік тәсілді кіріктіру» әдістемелік күні аясында 9 «Б» сыныбында физика пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақты Ниязов Марат Нұрпұлатұлы «Тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі. Тербелмелі қозғалыс теңдеуі» тақырыбында жүргізді. Оқушылар механикалық тербелістердің негіздері мен тербелмелі жүйелердегі энергияның түрлену заңдылықтарын зерттеді.

Сабақ барысында фронтальды сұрақ-жауап ұйымдастырылып, бұл оқушылардың білімін өзектендіруге және белсенді жұмысқа дайындауға мүмкіндік берді. Топтық жұмыс кезінде оқушылар маятникті өздері құрастырып, тәжірибелер жүргізіп, зерттеу тапсырмаларын орындау арқылы тербелмелі қозғалыс теңдеуін жазып, энергия түрленуін талдады.

Мұндай тәжірибеге бағытталған тәсіл оқушыларға теориялық материалды меңгеріп қана қоймай, оны практикада қолдануды да үйренуге мүмкіндік берді. Ерекше көңіл оқушылардың өзін-өзі бағалау және өзара бағалау әдістеріне бөлінді, бұл олардың жетістіктерін саралап, сыныптастарынан нақты кері байланыс алуына жағдай жасады.

Сабақ зерттеу тәсілін қолдану, практикалық дағдыларды дамыту және оқушыларды оқу процесіне белсенді тарту арқылы әріптестері тарапынан жоғары бағаланды.


22 января в школе-лицее № 28 им. М. Маметовой в рамках методического дня «Интеграция инженерного подхода в преподавание естественных наук» состоялся открытый урок по физике в 9Б классе. Учитель Ниязов Марат Нурпулатович провел урок на тему «Превращение энергии при колебаниях. Уравнение колебательного движения», где школьники изучили основы механических колебаний и закономерности превращения энергии в колебательных системах. В ходе урока был проведен фронтальный опрос, что позволило актуализировать знания учащихся и подготовить их к активной работе. В рамках групповой деятельности школьники самостоятельно собирали маятник, проводили эксперименты и выполняли исследовательские задания, чтобы записать уравнение колебательного движения и проанализировать превращения энергии. Такой практико-ориентированный подход помог ученикам не только усвоить теоретический материал, но и увидеть его применение на практике. Особое внимание было уделено методам самооценивания и взаимооценивания, что позволило учащимся проанализировать свои достижения и получить конструктивную обратную связь от одноклассников. Урок был высоко оценен коллегами за использование исследовательского подхода, развитие практических навыков и активное вовлечение учащихся в процесс обучения.