Қашықтықтан оқытудың тиімді тұстары » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қашықтықтан оқытудың тиімді тұстары
27
сәуір
2020

Қашықтықтан оқытудың тиімді тұстары

Президент қашықтықтан жүйелі білім беруге ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Бүгінде білім саласының алдында мектептерде оқушыларға қашықтықтан білім беру   бойынша күрделі, маңызды да мазмұнды міндеттер атқаруға бел буды. Сандық технологиялар дәуірінде әрі дәл қазіргі жағдайда қашықтықтан дәріс беру жүйесіне көшуі – заман талабы болып отыр.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі  мектептерде қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге нақты қадамдарды ұсынды.

Оқушыларға  қашықтықтан оқытуға техникалық мүмкіндік бар және интернеттің жылдамдығы да жеткілікті, мемлекет тарапынан  толық қамтамасыз етілгендігі тілге тиек болды. Қашықтықтан оқыту технологиясы оқушыларға  оқуды білім ордасына қатынамай-ақ, алыстан жалғастыруға мүмкіндік береді. Мектеп  әкімшілігі тарапынан  онлайн-форматтағы сабақтар , интерактивті дербес тапсырмалар, сабақ тақырыбының   ашылуымен оқыту үшін міндетті мәтіндерді және қосымша әдебиеттер тізімін, оқушыларды бағалау, кері байланыстарды қамтамасыз ету үшін мұғалімдермен семинар-тренингтер жиі өткізіліп отырады. Оқушыларыммен бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту бағдарында «Ел Арна» телеарнасы , Bilimland , Kundelik.kz ,What s App,  Zoom  платформаларының көмегімен күнделікті сабағымды зерделеп, сол арқылы  қарым-қатынас, байланыс орнатып жүрмін.    What s App,  Zoom қосымшалары компьютер және  ұялы телефонмен де кіруге қолайлы.  Оқушыларға тапсырмаларды бейнематериал,  презентация, тест жұмысы, аудио - жазбалар  түрінде оқытуды ұйымдастырып жүрмін.                      6 – сыныпта «Абай – лирик ақын»  атты сабағымыз онлайн – форматты өтті. Bilimland платформасынан Абайдың өмірі, шығармашылығы жайлы ақпаратты тыңдады.  Тыңдалған тапсырмадан кейін оқушылар өз түсінгендерін ортаға салды. Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін ғаламтордан тауып, диаграмманы толықтыру тапсырмасы жоғары деңгейде орындалды. Оқушылар табиғат лирикасына арналған өлеңдерімен қоса, әндерінің атауы жайлы мағлұмат алды.  Ойыңды жеткіз" әдісімен жыл мезгілдері туралы  мақал – мәтелдердің жалғасын тауып,  6 «А» сыныбында Кондратов Андрей,   6 «Б» сыныбында Нурбаева Амира, 6 «В» сыныбында  Мұхтар Алтай атты оқушыларым сабақта мақалдың мағынасын ашып, орыс тіліндегі баламасымен салыстырып ұтымды жауаптар берді. Zoom платформасы сабақта оқушылармен жұптық,  ұжымдық жұмыстар жасатуға өте қолайлы екен. Себебі, мұнда оқушылар  арасындағы диалогтік оқыту іске асады және білмегендерін өзара талқылап, бір жағынан сабаққа деген ынтасы жоғарылай түседі, екінші жағынан оқушылар тақырыпты жетік меңгеретінін байқадым. Мен жеке, жұптық, ұжымдық жұмыстың дұрыс  жүруі   үшін  тақырыпқа сай дұрыс бағыт  - бағдар беріп, тапсырмаларды ұйымдастырамын. 5 – сыныптарда What s App желісінің көмегімен ұжымда М.Мақатаевтың өлеңін тыңдап, өлеңді жаттауға, видео түсіруге тапсырма бердім. 5 «А» сыныбында Кенгеспаев Алпамыс, Мусина Малика, Узаков Омар, Турганова Толғанай, 5 «Б»  Чектыбаева Алия, Мухамедиева Адия, Морав Алан, 5 «В» сыныбында Марат Даниал, Федеренко Арсений, Масхут Томирис берілген тапсырманы   критерийлерге сай, өлеңді жаттап, видеоларын жіберді.  Менің мақсатым өлеңді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқыту , оқушылардың жауапкершілікті сезініп, видео   дәлелдерімен қызықтыра отырып, білім алудағы қабілеттерін арттыру.

 Kundelik.kz сайтының көмегімен оқушылар ұсынылған тапсырмаларын жүктеп,  қайта кері байланыс алуға таптырмас мүмкіндік алып отыр.  Kundelik.kz мұғалім тарапынан сабаққа қатысу белсенділігін бағалаудағы ұтымды платформалардың бірі. Мектеп әкімшілігі  мұғалімдерге   өткізілген сабақтарға мониторинг жүргізіп, апта сайын Zoom  платформасының көмегімен онлайн – кеңес беруде.

Алматы қаласы , Медеу ауданы, 

М.Мәметова атындағы 

№28 мектеп – лицейдің 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні 

мұғалімі  Болатхан Айдана Закарияқызы