“Қазақ тілі” пәнінен “Табиғатты қорғауға шақырамын” » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Қазақ тілі” пәнінен “Табиғатты қорғауға шақырамын”
12
наурыз
2021

“Қазақ тілі” пәнінен “Табиғатты қорғауға шақырамын”

Наурыз айының 12 жұлдызында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Маруақызы Т., Мурзаканова К. А. ұйымдастыруымен, бастауыш сыныптар апталығының аясында “Қазақ тілі” пәнінен “Табиғатты қорғауға шақырамын” атты интеллектуалдық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты - тілді құрметтеуге, табиғатты аялауға, жануарларды қорғауға баулу. 4”А,Б,В,Г” - сыныптарынан екі оқушыдан өзара топ құрап, сайысқа түсті. Тақырыпқа сай әр сынып “Марал”, “Киік”, “Құралай”, “Көк бөрі” топ атауымен бақтарын сынады. Сайыс 4 кезеңді қамтыды. "Таныстыру","Сандар сөйлейді"(сұрақ-жауап),"Көшбасшылар "(капитандар сайысы),"Менің ұсынысым"(шығармашылық жұмыс). Әр сайыс сайын топтар белгіленген ұпайларды жинап, нәтиже бойынша сыныптар арасынан 4 "Б" сыныбы "Көк бөрі" тобы БАС ЖҮЛДЕ, 4 "В" сыныбы "Киік" тобы 1-ОРЫН, 4 " Г" сыныбы "Құралай" тобы 2-ОРЫН, 4 "А" сыныбы "Марал" тобы 3-ОРЫНДЫ қанжығаларына байлады. Белсенділік танытқан барлық оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.