«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»
05
қыркүйек
2023

«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ»

Қыркүйектің бесінші жұлдызы  Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы - Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 151 жыл толып отыр. 2017 жылы Премьер-Министрдің қаулысымен бұл күн - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Осыған орай бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұстаздарының ұйымдастыруымен  “Тілдер апталығының” ашылу салтанаты болып өтті. Апталықтың ашылу салтанатында оқушылар сұрақ-жауап айдарына белсене қатысып, сыйлықтармен марапатталды. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығынан, тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылардың сөздік қорын молайту, өсиет сөздер арқылы адамгершілікке баулу, қазақ тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру мақсатында 8 “Г” сыныбында “Мың бір мақал” сайысы болып өтті. Оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер мен мысалдар жинағының атауымен “Маса” және “Қырық мысал” атты екі топқа бөлініп , “Кім тапқыр?”, “Жалғасын тап” , “Топтастыру” айдарлары бойынша сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша оқушылар марапатталып, “Қазақ тілі” әнімен аяқталды.