Желтоқсан оқиғасының батырларынмен кездесу » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Желтоқсан оқиғасының батырларынмен кездесу
08
желтоқсан
2022

Желтоқсан оқиғасының батырларынмен кездесу

08.12.2022 жылы «Еркін елдің ертеңі кемел білім мен ана тілінде» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында Желтоқсан оқиғасына қатысқан батырларымыз туралы кеңінен ақпарат беру, дүниетанымын кеңейту, сол арқылы Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында кездесу кеші болып өтті. Кеш қонақтары «Желтоқсан-Алматы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандыбай Серікбек Дүрүмбайұлы, төрағаның орынбасарлары Тоқсейтова Сафура Паритқызы және Оспанбай Бақытгүл Зәкіржанқызы болды. Кешіміз мемлекеттік туымызды ортаға алып шығып, атаулы оқиғада мерт болған боздақтарымызды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Тәуелсіздігіміздің алғашқы толқыны болған Желтоқсан оқиғасының батырларын оқушыларымыз мерекелік көңіл-күймен қарсы алып, өз өнерлерін ортаға салды. 5-сынып оқушылары тұғырлы тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, «Тәуелсіздік ел ұраны» әнін хормен шырқады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері де кешке үлкен үлестерін қосып, «Желтоқсан желі» әнін бірлесе орындады. Кеш қонақтары өздерін таныстыра отырып, өздерінің бастан кешкен оқиғаларымен, Желтоқсан оқиғасы туралы оқушылар естімеген тың ақпараттармен бөлісті. Қонақтарымыз сөз соңын оқушылар мен ұстаздардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берумен жалғастырды. Кеш соңында лицейіміздің директоры Медетбекова А.Т. қонақтарымызға сый-сияпат көрсетіп, алғысын білдірді. Кештің жабылуы ретінде қатысушылар бірлесіп «Атамекен» әнін шырқады.