Ертегілер бойынша викториналық сайыс / Викторину по сказкам » КГУ «Школа-лицей №28 им.М.Маметовой»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ертегілер бойынша викториналық сайыс / Викторину по сказкам
25
сәуір
2023

Ертегілер бойынша викториналық сайыс / Викторину по сказкам

25 сәуір күні М.Мәметова атындағы No28 мектеп-лицейінде Ғылым және Шығармашылық Онкүндігі аясында бастауыш сынып мұғалімдері: Маметтухтиева З.Я., Жукенова А.Ж., Лаврова М.А. 1-сынып оқушыларына ертегілер бойынша викториналық сайыс өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, оқу мотивациясын қалыптастыру, топта жұмыс істеуге үйрету. Бізге ертегілер не үшін қажет? Ертегілер сөздік қорды молайтады, есте сақтау қабілетін жақсартады. Ертегіні оқитын балалардың сөздері де үйлесімді, анық болады. Оларға сөздік қордың арқасында өз ойлары мен эмоцияларын жеткізу оңайырақ болады. Кітап тілі ауызекі тілге қарағанда қиын болғандықтан, балалардың зейінің шоғырландыру қабілеті де жақсы дамиды. Викторина сабағының қызығы мен мақсаты сұрақтардың мәнінде емес, оқушылардың әртүрлі жағдайларға икемді болып, сұрақтарға жауап беру арқылы жағдайдан шыға білу қабілетін дамытуда. Осылайша бастауыш және орта сыныптағы балалардың логикалық ойлау қабілетін кеңейтуге болады. Балалар бүгінде өздерін ертегілердің нағыз білгірі екендіктерін көрсетті. Балалардың қуанышты жүздері арқылы бұл ертегілер сайысында барлығының жағымды эмоцияларға ие болғанын байқадық. Ал бұдан әрқайсымыз бүгін бұрынғыдан да мейірімді, сауатты бола түстік деген қорытынды шығады.

***

В школе-лицее № 28 им.М.Маметовой, в рамках Декады Науки и Творчества, 25 апреля, учителя начальных классов:  Маметтухтиева З.Я., Жукенова А.Ж, Лаврова М.А., провели  викторину  по сказкам для учащихся 1-х классов. Основные задачи мероприятия – это расширение кругозора детей, развитие образного мышления, формирование учебной мотивации, содействие сплочению коллектива, умению работать в команде. Для чего нам нужны сказки? Сказки расширяют словарный запас и тренируют память. Дети, которым читают сказки, учатся говорить связно, красочно и понятно. Им проще выражать свои мысли и эмоции благодаря расширенному словарному запасу. Поскольку книжный язык сложнее разговорного, дети начинают лучше концентрироваться и удерживать свое внимание.  Интерес занятия с викториной не в сути вопросов, а в развитии у учащихся способности отвечать и ориентироваться в разных ситуациях. Так можно расширить логическое мышление у детей начальных и средних классов. Ребята сегодня  показали себя настоящими знатоками сказок. Видны были радостные лица, а это значит, что все участники викторины по сказкам получили массу положительных эмоций. А из этого следует, что каждый из нас стал сегодня ещё добрее и грамотнее.