Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тəжірибе алмасу бойынша əдістемелік күн"/"Mетодический день по обмену опытом"
17
сәуір
2025

"Тəжірибе алмасу бойынша əдістемелік күн"/"Mетодический день по обмену опытом"

Мектеп-лицейде «Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған практикалық тапсырмаларды қолдану» тақырыбындағы әдістемелік күн аясында ашық сабақтар өтті. Бұл сабақтарда мұғалімдер оқушылардың алған білімін өмірде қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи тәсілдерді сәтті көрсетті.

🔹 Математика пәні мұғалімі Әбілқайырова Л.М. өткізген ашық сабақта оқушылар тек есеп шығарумен ғана шектелмей, логикалық талдау, деректерді салыстыру, нәтижелерді интерпретациялау сияқты дағдыларды да пайдаланды. Сабақ практикалық-бағытталған есептерге негізделіп, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналды.

🔹 Информатика пәнінің мұғалімі Сатыбалдиев А.Е. өз сабағында оқушыларға сандық технологияларды қолданып практикалық тапсырмалар орындауға мүмкіндік берді. Сабақ барысында оқушылар нақты өмірмен байланысты тапсырмаларды шешіп, ІТ құралдарын қолдану арқылы сандық сауаттылықтарын арттырды.

🔹 Ағылшын тілі пәні мұғалімі Сүттібаева Н.Ж. өткізген сабақ оқырмандық және коммуникативтік сауаттылықты дамытуға бағытталды. Оқушылар аутентті мәтіндерге сүйене отырып, пікір білдіру, сұрақ қою және өз ойларын ағылшын тілінде дәлелдеп айту сияқты тапсырмаларды орындады. Сабақта жұппен жұмыс жасау мен интерактивті әдістерді қолдану оқушылардың қызығушылығын арттырып, тілдік дағдыларын жетілдірді.

🔸 Ашық сабақтар әдістемелік күннің маңызды бөлігіне айналып, тәжірибе алмасу алаңы ретінде қызмет етті.
Олар практикалық тапсырмалардың функционалдық сауаттылықты дамытудағы рөлін,
мұғалімдердің кәсіби шеберлігін және оқушылардың белсенді оқу ұстанымын айқын көрсетті.


В рамках методического дня на тему «Применение практических заданий для развития функциональной грамотности» в школе-лицее прошли открытые уроки, в ходе которых учителя продемонстрировали современные подходы к обучению, направленные на развитие у учащихся навыков применения знаний в реальной жизни.Учитель математики Абилкайырова Л.М. провела открытый урок, где акцент был сделан на решение практико-ориентированных задач, требующих не только математических вычислений, но и логического анализа, сопоставления данных и умения интерпретировать результаты. На уроке информатики, проведённом Сатыбалдиевым А.Е., учащиеся выполняли практические задания с использованием цифровых технологий. Учитель английского языка Суттибаева Н.Ж. представила урок, направленный на развитие читательской и коммуникативной грамотности. В процессе занятия учащиеся выполняли задания на основе аутентичных текстов, обсуждали проблемные вопросы, формулировали и аргументировали свою точку зрения на английском языке. Применение интерактивных заданий и работа в парах способствовали повышению мотивации учащихся и развитию языковых компетенций.Открытые уроки в рамках методического дня стали эффективной площадкой для обмена опытом между педагогами, продемонстрировали значимость практических заданий как инструмента развития функциональной грамотности, а также показали высокий уровень профессионализма учителей и активную учебную позицию школьников.