Алматы қаласы Білім басқармасының
«М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 261-64-82
Есепші бөлімі:
+7(727) 272-69-46
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тəжірибе алмасу бойынша əдістемелік күн"/"Mетодический день по обмену опытом"
16
сәуір
2025

"Тəжірибе алмасу бойынша əдістемелік күн"/"Mетодический день по обмену опытом"

16 сәуірде мектеп-лицейде «Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған практикалық тапсырмаларды қолдану» тақырыбында әдістемелік күн өткізілді. Бұл күннің аясында мұғалімдер практикалық-бағытталған тапсырмаларды оқу үдерісінде тиімді қолданудың үздік әдістері мен тәсілдерін көрсеткен ашық сабақтар ұйымдастырылды.

🔹 Маталипова Н.С. алгебра сабағында оқушыларға нақты өмірлік жағдайларға байланысты есептер берілді. Бұл тапсырмалар оқушыларға теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, олардың қолданылу маңыздылығын түсінуге көмектесті.

🔹 Котлярова В.О. математика сабағында логикалық ойлауды дамытуға және математикалық білімдерді стандартты емес есептерді шешуде қолдануға баса назар аударды.

🔹 Кучербаева А.К. әдебиеттік оқу сабағында оқушылар көркем мәтіндермен жұмыс жасап, өз ойларын қалыптастырып, дәлелді түрде қорғай білуге үйренді. Бұл оқушылардың сыни ойлау және ақпаратты саналы қабылдау қабілеттерін жетілдірді.

🔹 Абдуанова М.О. қазақ тілі мен әдебиеті сабағында көркем мәтіндерді талдау, шығармашылық тапсырмалар және жұптық жұмыс элементтерін қолдана отырып, тілдік және әлеуметтік-мәдени сауаттылықты дамытуға көңіл бөлді.

🔹 Әдістемелік күннің соңында Сламихин В.В. Қазақстан тарихы сабағында интерактивті тапсырмалар, тарихи деректерді талдау және пікірталастар жүргізді. Бұл оқушыларда талдау, дәлелдеу және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырды.

Бұл әдістемелік күн педагогтердің кәсіби өзара әрекеттестігі мен тәжірибе алмасуының жарқын үлгісі болды. Барлық ашық сабақтар практикалық бағытты тәсілді енгізудің оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы маңыздылығын дәлелдеді.


16 апреля в школе-лицее состоялся методический день по обмену опытом на тему «Применение практических заданий для развития функциональной грамотности»..В рамках методического дня были проведены открытые уроки, на которых учителя продемонстрировали эффективные приемы и методы использования практико-ориентированных заданий в учебном процессе. Маталипова Н.С. провела урок алгебры, на котором учащиеся решали задачи, связанные с реальными жизненными ситуациями, что позволило им не только закрепить теоретические знания, но и понять их прикладную значимость. Котлярова В.О. на уроке математики сделала акцент на развитии логического мышления и умении применять математические знания для решения нестандартных задач. На уроке литературного чтения, проведённом Кучербаевой А.К., ученики работали с художественными текстами, формулировали собственные мнения, учились аргументированно их отстаивать, что развивает критическое мышление и умение воспринимать информацию осознанно.Абдуанова М.О. провела урок по казахскому языку и литературе, включив в занятие элементы анализа художественного текста, творческие задания и работу в парах, направленную на развитие языковой и социокультурной грамотности. Завершился цикл открытых уроков занятием по истории Казахстана, проведённым Сламихиным В.В. Урок включал в себя интерактивные задания, анализ исторических источников, дискуссии, что способствовало формированию у обучающихся навыков анализа, аргументации и работы с информацией.Методический день стал ярким примером профессионального взаимодействия и обмена опытом между педагогами. Все проведённые уроки подтвердили важность внедрения практико-ориентированного подхода как средства повышения уровня функциональной грамотности учащихся.